Қаржыландыру көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Ғылым саласы: әлеуметтік ғылымдар. Психология және когнитивтік ғылымдар. Әлеуметтік психология.
Сипаттама: әлемде және елде болып жатқан жаһандық өзгерістер әлеуметтік-экономикалық және саяси себептерге байланысты өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін тұрғылықты жерін өзгертуге мәжбүр болған адамдардың экономикалық жағдайын нашарлатады. Сонымен бірге, басқа қалаға, елге көшкен адамдар қабылдаушы елдің тұрғындары мигранттарға жеке және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретіндіктен оларды жақтырмайтындығына тап болады.
Жобаны іске асыру мигранттарды қабылдаудың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерделеуге, оның ішінде қоғамдағы ксенофобияны төмендетуге және мигранттарға мейірімді қатынасты қалыптастыруға бағытталған қадамдарды іске асыру арқылы мигранттарға толерантты қатынасты қалыптастыруға бағытталған ұсыныстарды негіздеуге мүмкіндік береді.