Студент Үйі – бұл жайлылық пен қолайлы өмір сүру үшін барлық қажетті жағдайларға толы орын. Біздің мейірімді DSA ұжымы сізге дүйсенбіден жұмаға дейінгі кез келген сұрақтарыңызға және Студент Үйіндегі қосымша мүмкіндіктер туралы сауалыңызға жауап табуға дайын. Қажетті ақпаратты алу үшін көрсетілген нөмірлерге қоңырау шалыңыз.
Дүйсенбі - Жұма; 9.00-18.00
+7 (717) 270-30-17, +7 (717) 270-30-29
Студент Үйінің жалпы ауданы
Студент Үйінен университетке дейінгі жол
Студенттерге арналған төсек-орын саны
Орналасуға өтінім беру мерзімі
Студент үйіне орналасуға өтінімдерді қабылдау
1 лек | |
19-20 тамыз – Өтінімдерді қабылдау |
Өтінімдерді қабылдау 19 тамыз күні сағат 9.00 ден басталып 20 тамыз күні сағат 18:00 ге дейін жүргізіледі |
21-22 тамыз – Іріктеу | 22 тамыз 22.00 де Конкурстық комиссиясының іріктеу бойынша отырысы
«Платонус» ААЖ-да Конкурстық комиссиясының шешімі жарияланады; |
23,24,25 тамыз – Орналасу | Студент Үйіне орналастыру сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. |
2 лек | |
26-27 тамыз – Өтінімдерді қабылдау
|
Өтінімдерді қабылдау 26 тамыз күні сағат 9.00 ден басталып 27 тамыз күні сағат 18:00 ге дейін жүргізіледі |
28 тамыз – Іріктеу | Конкурстық комиссиясының іріктеу бойынша отырысы
«Платонус» ААЖ-да Конкурстық комиссиясының шешімі жарияланады; 28 тамыз 22.00 де |
29,30 тамыз – Орналасу | Студент Үйіне орналастыру сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. |
Қыздарға арналған хостелге өтінімдер қабылдау
1 лек | |
22-23 тамыз – Өтінімдерді қабылдау |
Өтінімдерді қабылдау 22 тамыз күні сағат 9.00 ден басталып 23 тамыз күні сағат 18:00 ге дейін жүргізіледі |
24 тамыз – Іріктеу | Конкурстық комиссиясының іріктеу бойынша отырысы
«Платонус» ААЖ-да Конкурстық комиссиясының шешімі жарияланады; 24 тамыз 22.00 де |
26-27 тамыз – Орналасу | Хостелге орналастыру сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. |
2 лек | |
29-30 тамыз – Өтінімдерді қабылдау | Өтінімдерді қабылдау 29 тамыз күні сағат 9.00 ден басталып 30 тамыз күні сағат 18:00 ге дейін жүргізіледі |
31 тамыз – Іріктеу | Конкурстық комиссиясының іріктеу бойынша отырысы
«Платонус» ААЖ-да Конкурстық комиссиясының шешімі жарияланады; 31 тамыз 22.00 де |
2 тамыз – Орналасу | Хостелге орналастыру сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. |
Студент Үйіне орналысуға өтінімдерді қабылдау 19 тамыз күні сағат 00:00-ден басталып 20 тамыз сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.
21-22 тамыз – Конкурстық комиссиясының іріктеу бойынша отырысы.
22 тамыз 22.00 де – «Платонус» ААЖ-да Конкурстық комиссиясының шешімі жарияланады.
23-25 – Студент Үйіне орналастыру сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Маңызды ескертпе: Демалыс күндері орналастыру жүргізілмейді, сондықтан қалаға келген кезде Студент Үйіне орналасуды ертерек жоспарлауыңызды сұраймыз!
Біз MNU Студент Үйінен орындар қалай бөлінетіні туралы толығырақ тоқталып өткіміз келеді
Конкурстық комиссия орындарды бөлуді негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын сәйкес жұргізеді:
1) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;
2) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, біреу немесе екі ата-анасының мүгедектігі бар адамдар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан адамдар, қандастар, сондай-ақ мемлекеттік ЖЖОКБҰ немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі ЖЖОКБҰ-да немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған ЖЖОКБҰ-да оқудың бірінші жылында мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары.
3) “Мәңгілік ел жастары – индустрияға!” (“Серпін – 2050”) жобасы шеңберіндегі білім алушылар;
4) “Алтын белгі” иегерлері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар, Президенттік, халықаралық және республикалық олимпиада және/немесе конкурс жеңімпазының немесе жүлдегерінің сертификатын иеленген білім алушылар, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген, білім туралы растайтын құжаты бар (куәліктер, аттестат, диплом) талапкерлер;
5) бірінші курсқа оқуға қабылданған, Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе Кешенді тестілеу қорытындылары, пәндер бойынша түсу емтихандары немесе білім беру ұйымы өткізген тестілеу нысаны бойынша жоғары балл алған білім алушылар.
6) оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелері бар жоғарғы курс білім алушылары;
Құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған себепті өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Орналасуға өтінім берген кезде барлық растайтын құжаттарды қоса беруіңізді сұраймыз.
Студент үйінде 1 ай тұру құны:
Хостелде 1 ай тұру құны:
Студент үйінде тұрмыстық жағдайларды жақсарту, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде
Ғимарат заманауи бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, барлық тұрғын бөлмелерде және жалпы пайдалану орындарында автоматты өрт дабылы орнатылған
Студенттердің өмір сүру қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді
Құқық тәртібін сақтау үшін студенттің үйінде тәулік бойы қауіпсіздік қызметі жұмыс істейді. Кіре берісте өткізу режимі қамтамасыз етіледі