Maqsut Narikbayev University-де Швейцарияның Қазақстан мен Тәжікстандағы Елшісі Кристина Хонеггер болды. Дипломат халықаралық ұйымдардың дамуындағы Женеваның рөлі туралы дәріс оқыды. Кристина Хонеггер Швейцарияның тарихи жолы және Женеваның халықаралық өзара іс-қимылдың негізгі орталықтарының бірі ретінде қалыптасуы туралы айтып берді. Елдегі гуманитарлық дәстүрлер, бейтараптық қағидаты және көпжақты дипломатияның дамуына ерекше назар аударылды. Талқылаудың жеке тақырыбы Біріккен Ұлттар […]
«Ауыл бизнесі мен инфрақұрылымын дамыту саласындағы басқару теориясы және зерттеулер» халықаралық ғылыми журналы Maqsut Narikbayev University студенттерінің мақаласын жариялады. Авторлар айналмалы экономика мен Қазақстанның бес жұлдызды қонақ үйлеріндегі энергия тиімділігін зерттеді. Зерттеу бес жұлдызды қонақ үйлерде экологиялық тәжірибені енгізуге арналды. Студенттер Нұрай Қасенғазы, Айша Сәбит және Ділназ Шарапиденова MNU Adjunct Assistant Professor-ы Тимур Қоғабаев және […]
Maqsut Narikbayev University-де Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжон Ки Хон болды. Дипломат қонақ дәрісін оқыды. Дәріс барысында Чжон Ки Хон Кореяның тарихи жолы, елдің мәдениеті, дәстүрлері мен заманауи экономикалық жетістіктері туралы айтып берді. Тарихи байланыстар мен халықтарды өзара қолдауға негізделген қазақ-корей қатынастарына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Елші елдегі жасанды интеллектінің дамуы және […]
Maqsut Narikbayev University студенттері VI Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадасына қатысты. Олар ірі сайыстың жүлдегерлері атанды. Олимпиада Красноярск қаласында (Ресей) өтті және 45-тен астам елден 700-ге жуық қатысушыны біріктірді. Студенттер экономикалық құқық бұзушылықтар, ақшаны жылыстату, терроризмді қаржыландыру және ақпараттық қауіпсіздікке байланысты бағыттар бойынша сайысқа түсті. Қазақстан құрамасын биыл MNU-да өткен Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиаданың он жеңімпазы құрды. Жарыс қорытындысы бойынша […]
• зерттеу мен салалық тәжірибе арасындағы синергияны қамтамасыз ету,
• оқыту, зерттеу және басқаруда озық мәдениетті қалыптастыру,
• әртүрлі әлеуметтік ортадан шыққан студенттерге мүмкіндік беру арқылы халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаймыз.
Құндылықтарымыз: • Кәсібилік • Есеп берушілік пен ашықтық • Дамуды мақсат қылу (growth mindset)
Осы құндылықтарды ұстана отырып, біз қауымдастығымыздың әрбір мүшесіне өсуге жол ашамыз.
Халықаралық экономика мектебі 2005 жылы КАЗГЮУ Университеті Директорлар кеңесінің шешімімен құрылды. ХЭМ келесі құрылымнан тұрады:
Іскерлік кеңес – ХЭМ даму стратегиясын анықтайтын ұйымның құрылымындағы ресми орган. Іскерлік кеңестің мүшелері мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор мен жеке компаниялардың топ-менеджерлері болып табылады.
MNU университеті аналитикалық ойлауды, өнертапқыштықты, мәселелерді практикалық шешуді және қоғамға қызмет етуді ынталандыратын жаңа идеяларды бағалайды.
Маркетинг саласындағы іскери әкімшілендіру (BBA) студенттерді маркетинг мамандары ретінде қажетті аналитикалық және практикалық дағдылармен қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. Бағдарлама студенттерді маркетинг саласында стратегиялық шешімдер қабылдауды үйретуге баса назар аударады. Бұл оларға нарықты зерттеуге, тұтынушылардың мінез-құлқын бағалауға және әртүрлі салалардағы бәсекеге қабілетті бизнес ортасында табысқа жету үшін қажетті стратегияларды әзірлеуге мүмкіндік береді.
ТолығырақМенеджмент саласындағы іскерлік әкімшілендіру (BBA) бағдарламасы студенттерге менеджменттің теориялық және практикалық аспектілері туралы жан-жақты түсінік беруге, оларды халықаралық және жергілікті бизнесті жүргізуде қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған.
ТолығырақХалықаралық қатынастар бағдарламасы студенттерді мемлекеттік құрылымдарда, халықаралық ұйымдарда, жаһандық үкіметтік емес институттарда, корпоративтік секторда және талдау орталықтарында кәсіби қызметке кешенді даярлауды қамтамасыз етеді.
ТолығырақҚаржы саласындағы Іскерлік әкімшілендіру (BBA) бағдарламасы студенттерді инвестициялық банкинг, қаржылық жоспарлау, корпоративтік қаржы және қаржы нарықтарындағы институттарда мансап құруға дайындауды мақсат етеді.
ТолығырақЭкономика және деректер ғылымы саласындағы іскерлік әкімшілендіру (BBA) бағдарламасы қазіргі заманғы бизнес туралы теориялық білімі бар және деректерді басқару, кодтау, визуализация және талдау дағдыларын қоса алғанда, экономика саласында да, ақпараттық технологиялар саласында да жан-жақты дағдылары бар мамандарды даярлауға бағытталған.
ТолығырақСаясаттану және халықаралық қатынастар магистрлік бағдарламасы заманауи жаһандық сын-қатерлерді, геосаясатты, киберқауіпсіздікті, сыртқы саясатты, халықаралық құқықты, саяси теорияны және саяси жүйелерді салыстырмалы талдауды қоса алғанда, өзекті тақырыптардың кең ауқымын қамтиды.
ТолығырақЭкономика магистрлік бағдарламасы жергілікті жағдайға бейімделе отырып, халықаралық білім беру стандарттарына сәйкес келеді. Бағдарлама студенттердің аймақтық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие бизнестің микро және макроортасын талдау дағдыларын дамытуға бағытталған.
ТолығырақҚаржы магистрлік бағдарламасы CFA (CBOK) бойынша білім беру бағдарламасының кем дегенде 70 пайызын қамтиды және CFA институтының Этика кодексі мен тәжірибе стандарттарына ерекше назар аударатын бағдарлама ретінде танылады.
ТолығырақЭкономика саласындағы PhD бағдарламасы академиялық және ғылыми мансап құру үшін экономика саласындағы эмпирикалық зерттеулерге баса назар аудара отырып, болашақ кәсіби зерттеушілерді қалыптастыру үшін нақты теориялық білім мен практикалық зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған.
ТолығырақЖыл сайын, қыркүйек және қазан айларында (көктемгі семестрге өтініш беру үшін), сондай-ақ наурыз және сәуір айларында (күзгі семестрге өтініш беру үшін) университеттің халықаралық бөлімі студенттерді екіжақты келісімдер мен меморандумдар шеңберінде біздің серіктес университеттерге 1-2 семестрге оқуға жібереді.
ХЭМ Академиялық сапа комитеті бакалавриат және магистратура бағдарламаларының академиялық сапасына жауапты. Комитеттің функцияларына академиялық бағдарламаларды, оқу жоспарларын, пән силлабустарын, емтихан тапсырмаларын бекіту және басқа да міндеттер кіреді. Оның дауыс беретін мүшелері қатарында оқытушылар, бағдарламалар жетекшілері және ХЭМ студент өкілдері бар, мектеп әкімшілігі дауыс беру құқығына ие емес.
ХЭМ қызмет нәтижелерін бағалау және қызметтік жоғарылату комитеті оқытушылар құрамын бағалауды (жылына екі рет) және қабылдау үрдісін (қажет болған жағдайда) жүргізеді. Сонымен қатар, ол тұрақты түрде академиялық құрамды бағалау және жоғарылату мәселелері мен саясаттарын талқылауға қатысады.
ХЭМ Этика комитеті тәртіптік және этикалық мәселелерді, атап айтқанда, ХЭМ студенттері мен оқытушыларының шағымдарын, студенттердің, қызметкерлер мен оқытушылардың мінез-құлық кодексін бұзушылықтарын, зерттеулерге байланысты этикалық мәселелерді және т.б. сұрақтарды қарастырады. Комитет шешуші дауыс құқығы бар профессорлық-оқытушылық құрамының мүшелерінен және дауыс беру құқығы жоқ әкімшілік қызметкерлерден тұрады.
Гузель Тулегенова, Бизнес және менеджмент бойынша білім беру бағдарламаларының басшысы
Станислав Югай, Қаржы, экономика және бухгалтерлік есеп бойынша білім беру бағдарламаларының басшысы
Куралай Казихан, Эдвайзер
Жанара Алдамбергенова, CFA және ICAEW бағыттарының жетекшісі
ХЭМ Ғылыми–зерттеу комитеті зерттеу этикасы саясатының сақталуын қадағалайды. Бұл саясат ISE қызметкерлері мен студенттері үшін ғылыми зерттеулердің этикалық қағидалары мен нормаларын, зерттеу жобаларын этикалық сараптаудан өткізу тәртібін, зерттеу этикасын бұзушылықтардың тізімін, олар үшін қолданылатын санкция түрлерін және оларды орындау рәсімдерін айқындайды.
– ҚОС ДИПЛОМДЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ –
Іріктеу критерийлері
Қос дипломды бағдарламаға қатысу үшін студенттер келесі талаптарға сай болуы керек:
Бағдарламаның құрылымы және шарттары
Оқуды бітіргеннен кейін студенттер екі диплом алады:
— СЕРІКТЕС УНИВЕРСИТЕТТЕР МЕН МАМАНДЫҚТАР —
Ескерту
Барлық шығындар шамамен есептелген және 2025 жылғы болжамдар негізінде көрсетілген.