Халықаралық журналистика мектебі – университеттің қарқынды дамып келе жатқан құрылымдық бөлімшесі. Мектеп 2023 жылы елдегі жетекші медиа-холдинг – Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенімен серіктестік негізінде ашылды.
Мектеп академиялық тереңдікке, практикалық тәжірибеге және журналистикаға қатысты жаһандық жаңашылдықтарға басымдық береді. Еліміздегі алдыңғы қатарлы медиаплатформалармен серіктестіктің нәтижесінде студенттер түрлі редакцияларда және халықаралық жобаларда жұмыс жасап, шынайы тәжірибе жинайды.
Қазіргі таңда Мектепте «Халықаралық журналистика» атты бірегей білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мақсаты – сыни тұрғыдан ойлай алатын, үлкен деректермен жұмыс істей білетін және әлемдік үрдістерді терең түсінетін жаңа кәсіби журналистер буынын даярлау.
Maqsut Narikbayev University-де Еuronews тренингтері өтті. Іс-шара халықаралық телеарнаның қазақ тілінде хабар таратуын іске қосу аясында өтті. Тренингке Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, БАӘ және Қатардағы Euronews бюросының журналистері қатысты. Олардың қатарында телеарнаның қазақ редакциясының командасына кірген MNU Халықаралық журналистика мектебінің бірнеше түлегі бар. Тренингтерді Euronews компаниясының тәжірибелі қызметкерлері өткізді. Өткен аптада ең ірі халықаралық телеарналардың бірі […]
Maqsut Narikbayev University мен CCTV+ ынтымақтастық туралы келісті. Тараптар өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Келісімге университет делегациясының Бейжіңдегі (ҚХР) CCTV+ кеңсесіне сапары барысында қол жеткізілді. Құжатқа MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев пен CCTV+ Бас директоры Ли Ся қол қойды. Серіктестік аясында ғылыми зерттеулер жүргізу, кадрлармен алмасу, медиафорумдар ұйымдастыру және жасанды интеллект саласында технологиялық инновацияларды енгізу жоспарлануда. Сонымен […]
Maqsut Narikbayev University-де «Қазақстан қор биржасының тетіктері мен ерекшеліктері» тақырыбында оқыту тренингі өтті. Іс-шараға елордалық БАҚ өкілдері мен Халықаралық журналистика мектебінің оқытушылары қатысты. Тренинг БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан қор биржасымен (KASE) бірлесіп ұйымдастырылды. Қатысушылар қазақстандық қор нарығын дамытудың өзекті үрдістерімен танысып, инвестициялық мәдениетті насихаттаудағы медианың рөлін талқылады және биржа сарапшыларынан қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Журналистердің […]
Maqsut Narikbayev University-де Euronews академиясының кезекті курстары өтті. Оқудан 40-тан астам студент пен журналист өтті.«Мамандандырылған журналистика» модулі Астана, Алматы және Павлодардан келген студенттер мен жас журналистерді біріктірді. Қатысушылар зерттеу әдістері мен терең репортаж техникасын, ғылым, денсаулық сақтау және жоғары технологиялар секторларындағы күрделі терминологиямен жұмысты, сондай-ақ цифрлық ортада сапалы контент жасауға арналған мультимедиялық сторителлингті талдады. Модулді сегіз […]
Халықаралық журналистика мектебі – этиканы ұстанатын, жаһандық деңгейде ойлайтын және әлемнің кез келген нүктесінде, кез келген жағдайда жұмыс істей алатын журналистердің жаңа буын қалыптастыратын орта.
Біз үшін журналистика – жай ғана мамандық емес, қоғамға қызмет етудің, шындық пен жауапкершілік қағидаттарына адал болудың жолы. Біздің түлектер осы құндылықтарды қай жерде жұмыс істесе де сақтай біледі.Шындық, дәлдiк, тәуелсiздiк, адалдық, объективтiлiк және есеп беру сияқты журналистiк құндылықтар призмасы арқылы жаңалықтар мен оқиғаларды баяндауда, талдауда және беруде тәжiрибесi бар озық және бiлiктi журналистердi даярлауда көшбасшы болу.
Біз дарынды жастарды біріктіретін, академиялық мәдениет, инновациялар мен журналистиканың миссиясы тоғысқан орталық болуға ұмтыламыз.
Халықаралық журналистика мектебінің түлектері – жай ғана БАҚ қызметкерлері емес, қоғам пікірін қалыптастыратын көшбасшылар, сондай-ақ Қазақстанда және онан тыс жерлерде медианың дамуына ықпал ете алатын кәсіби мамандар.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР:
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ:
Халықаралық журналистика мектебі студенттердің практикалық білім алуына және шығармашылық қабілетін дамытуына толық мүмкіндік беретін заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған.
Медиахаб и медиазертхана
Мектеп студенттері Медиахаб пен Медиазертхананы мейлінше кеңінен пайдалана алады. Бұл кеңістіктер заманауи компьютерлермен, бірнеше LCD-дисплейлермен және эргономикалық жұмыс орындарымен жабдықталған. Олардың техникалық базасына мультимедиалық кешендер, аудиовизуалды монтаждау мен продакшн жүйелері, деректерді визуализациялау және контент-менеджментке арналған қосымшалар, сондай-ақ веб-басылымдарға арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету кіреді.
Техникалық қолдау
Мектеп студенттеріне жыл сайын жеке медиажобаларды жүзеге асыруға арналған жаңа жабдықтар сатып алынады. Құрал-жабдықтар саны 29-дан 50-ге дейін арттырылды. Камералар, штативтер, микрофондар, стабилизаторлар және 30 жарықтандыру жиынтығы алынды.
Біз студенттер медиаконтентті жайлы әрі заманауи ортада жасап, үйрене алуы үшін техникалық базаны кезең-кезеңімен нығайтып келеміз.
MNU университеті аналитикалық ойлауды, өнертапқыштықты, мәселелерді шешуді және қоғамға қызмет етуді ынталандыратын жаңа идеяларды бағалайды.
Халықаралық журналистика бағдарламасы жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейдегі, оның ішінде қазақстандық перспективадан оқиғаларды жан-жақты, сапалы және объективті түрде жариялай алатын халықаралық деңгейдегі әмбебап мамандарды тәрбиелеу үшін практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
ТолығырақПроектов не найдено
Проектов не найдено
Академиялық ұтқырлық студенттерді академиялық кезеңге шетелдік әріптес жоғары оқу орнында оқытуды көздейді. Бағдарламаға қатысу - бұл бір уақытта шетелдік ЖОО-да оқу және шетелде тұру тәжірибесін алу мүмкіндігін береді.
ХЖМ эдвайзерлер кеңсесі білім алушыларды оқытудың бүкіл кезеңі ішінде ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық жұмыстарды жүргізеді, Халықаралық журналистика мектебінің академиялық саясаты шеңберінде білім алушылардың академиялық мүдделерін қолдайды және жеке оқу жоспарын құруға/түзетуге жәрдемдеседі.
Қазіргі уақытта Халықаралық журналистика мектебінде Академиялық сапаны қамтамасыз ету, бағдарламалардың сапасын бақылау және Университеттің академиялық саясатына, стандарттары мен ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметі аясындағы этикалық нормалардың бұзылуымен байланысты дауларды шешу міндеттерін атқаратын біріккен комитет жұмыс істейді.
Жамалова Айгуль, Халықаралық журналистика мектебінің деканы
Каргашев Расул, Халықаралық журналистика мектебі деканының орынбасары
Ермек Жәния, Білім беру бағдарламаларының жетекшісі