Дәреже алуға оқуды аяқтауға қойылатын жалпы талаптар

Қорытынды аттестаттаудан өткен және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын меңгергенін растаған білім алушыға аттестаттау комиссиясының шешімімен тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесі беріледі және қосымшасы бар диплом тегін негізде беріледі.

 

Дипломға (транскрипт) қосымшада оқу және (немесе) ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысының барлық түрлері бойынша академиялық кредиттер мен сағаттардағы олардың көлемі көрсетіле отырып, баллдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар көрсетіледі.

 

Оқу пәндері және оқу қызметінің басқа да түрлері бойынша үлгерімнің орташа балы (GPA) 3,5-тен төмен болмаған кезде А, А – «өте жақсы», В -, В, В+, С+ «жақсы» деген қорытынды бағалары бар, сондай-ақ кешенді емтихан тапсырған немесе А, А – «өте жақсы» деген бағамен дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыға үздік диплом беріледі (қосымша оқыту түрлері бойынша бағаларды есепке алмағанда).

 

Бұл ретте барлық оқу кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсыруы бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.

 

Оқу бітірген соң MNU елеулі жетістіктері бар білім алушыларға дәрежелерді тағайындайды. Үш түрлі дәреже бар: құрметпен (Cum laude), үлкен құрметпен (Magna cum laude) және ең жоғары құрметпен (Summa cum laude).

 

Үздік дәреже жеке үлгідегі дипломда белгіленеді.


Summa cum laude дипломын алу үшін (ең жоғары құрметпен) білім алушының GPA – 4,0 болуы тиіс.


Magna cum laude дипломын алу үшін (үлкен құрметпен) білім алушының GPA 3,8 – 3,9 болуы және бағалары «жақсы» және «өте жақсы» болуы тиіс.


Cum laude дипломын алу үшін (құрметпен) білім алушының GPA 3,5 – 3,7 және бағалары «жақсы» және «өте жақсы» болуы тиіс.

 

Қорытынды аттестаттау бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған білім алушы MNU  Провостың бұйрығымен «Білім беру бағдарламасының талаптарын орындамаған: дипломдық жұмысты (жобаны) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғамаған» немесе «Білім беру бағдарламасының талаптарын орындамаған: кешенді емтихан тапсырмаған» деп оқудан шығарылады.

 

Оң бағаны көтеру мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға немесе дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға жол берілмейді.

 

«Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға кешенді емтиханды қайта тапсыруға, сондай-ақ диплом жұмысын (жобасын), магистрлік диссертацияны қайта қорғауға қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат етілмейді.

 

Қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушы келесі академиялық кезеңде MNU Провостының атына келесі оқу жылының қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей қайта қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы өтініш жазады. Қорытынды аттесттаттауға қайта жіберу MNU Провостының бұйрығымен ресімделеді.

 

Қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алған оның түрлері бойынша ғана өткізіледі.

 

Осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандарға шығарылатын пәндердің тізбесі теориялық курсты бітірген жылы бітірген оқу жоспарымен анықталады.

 

Білім беру бағдарламалары бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін алу үшін білім алушылардың үлгеріміне қойылатын талаптар Жоғары мектептердің академиялық каталогтарында жазылған.

Бакалавр дәрежесін алу үшін оқу бітіруге қойылатын талаптар

Бакалаврды даярлау бойынша білім беру процесін аяқтаудың негізгі өлшемшарты білім алушының кемінде 248 академиялық кредитті игеруі болып табылады, оның ішінде «Дене шынықтыру» пәні бойынша 8 академиялық кредит, «Шығармашылық, қоғамға қызмет ету және зияткерлік даму» жобасын қорғау (2019 жылдан бастап оқуға қабылданған 1-курс студенттері үшін).

 

«Шығармашылық, қоғамға қызмет ету және зияткерлік даму» жобасы кредиттер берілместен оқудың 1-6 семестрлері арасында тапсырылуы қажет.

Магистр дәрежесін алу үшін оқу бітіруге қойылатын талаптар

Магистратураның бағдарламалары бойынша оқу аяқталуының негізгі өлшемшарты білім алушының:

1) ғылыми-педагогикалық магистратурада оқу және ғылыми қызметтің барлық түрлерін қоса алғанда, бүкіл оқу кезеңі бойынша кемінде 120 академиялық кредитті;

2) бейінді магистратурада 1 жыл оқу мерзімімен 60 академиялық кредитті және 1,5 жыл оқу оқу мерзімімен 90 академиялық кредитті игеруі болып табылады.

 

Қорытынды аттестаттаудан өткен және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын игергенін растаған білім алушыға аттестаттау комиссиясының шешімімен «магистр» дәрежесі беріледі және оқу бітіру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бес күн ішінде өтеусіз негізде диплом мен қосымшасы беріледі.

 

Дипломның қосымшасында (транскриптіде) барлық оқу пәндері, тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), ғылыми-зерттеушілік немесе тәжірибелік-зерттеушілік жұмыстар, кәсіптік практиканың түрлері, академиялық кредиттер мен сағаттарда көлемі көрсетіле отырып, қорытынды аттестаттау бойынша баллдық рейтингтік әріптік жүйесі бойынша соңғы бағалар көрсетіледі.

 

Оң бағаны көтеру мақсатымен магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға рұқсат берілмейді.


Аталған қорытынды аттестаттау кезеңінде «қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғаларға магистрлік диссертацияны қайта қорғауға рұқсат берілмейді.

ҚЖМ магистратура білім беру бағдарламалары бойынша магистр академиялық дәрежесін алу үшін қойылатын ерекше талаптары

Құқық Жоғары Мектебі магистратурасының білім беру бағдарламалары бойынша «магистр» академиялық дәрежесін алу үшін білім алушы мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуі керек:

  • – 1 оқу жылы – бейінді бағыт үшін 60, 1,5 жыл оқу – бейінді бағыт үшін 90 ECTS, және 2 оқу жылы – ғылыми-педагогикалық бағыт үшін 120 ECTS игеру;
  • – GPA 2.0-ден төмен емес;
  • – академиялық қарыздың болмауы;
  • – практиканың барлық түрлерінен табысты өту;
  • – магистрлік жобаны/диссертацияны табысты қорғау.

ХЭМ магистратура білім беру бағдарламалары бойынша магистр академиялық дәрежесін алу үшін қойылатын ерекше талаптары

Халықаралық Экономика Мектебі магистратурасының білім беру бағдарламалары бойынша «магистр» академиялық дәрежесін алу үшін білім алушы мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуі керек:

  • – GPA – 2,67-ден төмен емес;
  • – 120 ECTS (ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 оқу жылы), 60 ECTS (бейінді бағыт – 1 жыл оқу); 90 ECTS (бейінді бағыт – 1,5 жыл оқу) игеру;
  • – практикадан табысты өту (магистратураның бейінді бағыты бойынша (1-1,5 жыл) білім алушылар үшін өндірістік практикасы, магистратураның ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша (2 жыл) білім алушылар үшін педагогикалық және зерттеушілік практика;
  • – магистрлік диссертацияны (жобаны) сәтті қорғау.

Бизнес-мектеп магистратурасының білім беру бағдарламалары бойынша магистр академиялық дәрежесін алуға қойылатын ерекше талаптар

«Іскерлік әкімшілендіру магистрі» академиялық дәрежесін алу үшін білім алушы келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  • – EMBA бағдарламасы бойынша 60 ECTS — 1 оқу жылын және МВА бағдарламасы бойынша 120 ECTS — 2 оқу жылын меңгеру;
  • – GPA 2.0-ден төмен емес;
  • – академиялық қарыздың болмауы;
  • – магистрлік диссертацияны (жобаны) сәтті қорғау.

Тіркеу кеңсесінің байланыстары

+7 (7172) 70 28 54 registrar@mnu.kz