Жоғары гуманитарлық мектеп – бұл лингвисттер мен аудармашылар, HoReCA және консультативтік психолог сынды әлеуметтік маңызы бар мамандар даярлайтын орын. Табыстың негізгі факторларының бірі – қарым-қатынас жасау қабілеті. Сондықтан, Жоғары гуманитарлық мектебі студенттерге гуманитарлық және басқа да қызмет салаларында өз мақсаттарына жету жолында берік негіз бола алады.
11 қазақстандық жоғары оқу орнының студенттері екінші «Заңғар заңгер» конкурсына қатысты. Зияткерлік байқау Республика күніне орай Maqsut Narikbayev University-де өтті. Іс-шара Қазақстанның жеті қаласынан келген заң факультеттерінің студенттерін біріктірді. Байқау заң саласында қазақ тілін қолдануды кеңейтуге және студенттердің тілдік құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Жүлде қоры 600 мың теңгені құрады. «Байқау Республика күні мен еліміздегі жасампаздық пен […]
«Ауыл бизнесі мен инфрақұрылымын дамыту саласындағы басқару теориясы және зерттеулер» халықаралық ғылыми журналы Maqsut Narikbayev University студенттерінің мақаласын жариялады. Авторлар айналмалы экономика мен Қазақстанның бес жұлдызды қонақ үйлеріндегі энергия тиімділігін зерттеді. Зерттеу бес жұлдызды қонақ үйлерде экологиялық тәжірибені енгізуге арналды. Студенттер Нұрай Қасенғазы, Айша Сәбит және Ділназ Шарапиденова MNU Adjunct Assistant Professor-ы Тимур Қоғабаев және […]
Maqsut Narikbayev University (MNU) 2027 жылдың көктемгі семестрінде Ататүрік университетінде (Түркия) оқуға конкурс жариялайды. Erasmus+ бағдарламасы бойынша бір орын «Аударма ісі» және «Қолданбалы лингвистика» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін қолжетімді.Үміткерлерге қойылатын талаптар:• 2-ші немесе 3-ші курс;• GPA – 3.3-тен кем емес;• IELTS – 7.0-ден кем емес. Міндетті құжаттар:• паспорт;• ағылшын тіліндегі оқу үлгерімі туралы транскрипт;• […]
Maqsut Narikbayev University (MNU) Корея Республикасының жетекші университеттерімен серіктестікі кеңейтеді. Жоғары оқу орны Инчхон ұлттық университетімен (INU) бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарлауда. Ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары МNU басшылығының Инчхон ұлттық университетіне сапары барысында талқыланды. MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев INU Президенті Ли Ин Джэмен кездесу өткізді. Тараптар академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту және лингвистика, бизнес, жасанды интеллект […]
Халықаралық стандарттарға сай келетін әлеуметтік-гуманитарлық бейін мамандарын даярлап шығаратын жетекші жоғары мектеп атану.
Maqsut Narikbayev University аналитикалық ойлауды, тапқырлықты, мәселелерді практикалық тұрғыдан шешуді және қоғамға қызмет етуде өз қауымдастығын ынталандыратын жаңа идеяларды бағалайды.
Психология (6B03101) бағдарламасы психологиялық зерттеулердің заманауи әдістерін, диагностиканы, сондай-ақ жеке тұлғалар мен топтарға ықпал етуді меңгерген әлеуметтік, танымдық және кеңес беру психологиясы саласындағы жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.
ТолығырақҚолданбалы лингвистика (7M02322) магистрлік бағдарламасы ауызша және жазбаша сөйлеуге талдау жүргізу және қолданбалы лингвистика саласындағы зерттеулерді жүргізу үшін ағылшын тілі жүйесі мен корпус лингвистикасының терең білімін қолдана алатын, оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін пайдалана отырып, оқу материалын әзірлеу дағдылары бар жоғары білікті ағылшын тілі лингвист маманын даярлайды.
ТолығырақБағдарлама ғылыми зерттеулер, педагогикалық және консультациялық қызмет саласында білікті психологтарды даярлауға бағытталған.
ТолығырақАударма ісі (7M02321) магистрлік бағдарламасыауызша және дыбыс-бейне аудармалар саласында жоғары сапалы ілеспе, ізбе-із аудармашыларды даярлау. Сонымен қатар, басқа да аралас салаларда зерттеулер жүргізу дағдыларын жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы технологиялармен жұмыс істеу дағдылары бар мамандар даярлау.
ТолығырақПроектов не найдено
Академиялық ұтқырлық студенттерді академиялық кезеңге шетелдік әріптес жоғары оқу орнында оқытуды көздейді. Бағдарламаға қатысу - бұл бір уақытта шетелдік ЖОО-да оқу және шетелде тұру тәжірибесін алу мүмкіндігі
ЖГМ эдвайзерлер кеңсесі білім алушыларды оқытудың бүкіл кезеңі ішінде ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық жұмыстарды жүргізеді, Жоғары гуманитарлық мектептің академиялық саясаты шеңберінде білім алушылардың академиялық мүдделерін білдіреді және оған жеке оқу жоспарын құруға және түзетуге жәрдемдеседі
Академиялық Сапа Комитетінің негізгі миссиясы – Maqsut Narikbayev University қабырғасында академиялық мәселелерді қадағалау және шешу. Комитет жұмысы жалпы білім беру бағдарламаларының сапасын бақылауға және университеттің академиялық саясатына, стандарттары мен ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Академиялық Сапа Комитетінің негізгі міндеттеріне оқу үрдісінің ұлттық білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қадағалауды қамтамасыз ету кіреді. Бұл оқу жоспарының тиімділігін бағалауды, белгіленген академиялық нұсқаулықтардың сақталуын тексеруді және оқыту мен оқуды үздіксіз жетілдіруді қолдауды қамтиды.
Осы күш-жігердің арқасында Академиялық сапа комитеті академиялық адалдық пен сапаның жоғары стандарттарын сақтауға, білім беру тәжірибелерін университет пен мемлекеттік талаптармен сәйкестендіруге ықпал етеді.
Zhamilya Bopurova – Dean of the School of Liberal Arts
Olga Bainova – Deputy Dean for Postgraduate Studies, Research and Development
Akerke Salimova – Deputy Dean for Undergraduate Studies
Gulmira Barzhaksina – Deputy Dean for Employment, Social Support and Development
Elena Tselenko – Head of the Educational Programmes in Translation Studies and Applied Linguistics
Anar Bukharova – Head of the Educational Programme in Psychology
Madina Lukpanova – Head of the Educational Programmes in Tourism and Hospitality
Gulzat Alimbayeva – Coordinator of the General Education Department
Markhabat Ramazanova – Coordinator of the English Language Department
Этика Комитеті Maqsut Narikbayev University әдеп жөніндегі атқарушы және директивалық органы болып табылады. Комитеттің негізгі мақсаттары – білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі аясында этикалық нормалардың бұзылуына байланысты қақтығыстарды шешу және Жоғары гуманитарлық мектебінің кәсіби беделі мен әдеп қағидаттарын іске асыру.
Жамиля Бопурова – Жоғары гуманитарлық мектептің деканы
Ольга Байнова – Магистратура, ғылым және даму мәселелері бойынша декан орынбасары
Акерке Салимова – Бакалавриат бойынша декан орынбасары
Гульмира Баржаксина – Кәсіптік қызмет, студенттік қолдау және даму бойынша декан орынбасары
Елена Целенко – «Аударма ісі» және «Қолданбалы лингвистика» білім бағдарламаларының жетекшісі
Анар Бухарова – «Психология» білім бағдарламасының жетекшісі
Мадина Лукпанова – «Туризм» және «Қонақүй ісі» білім бағдарламаларының жетекшісі
Гульзат Алимбаева – Жалпы білім беру пәндері департаментінің координаторы
Мархабат Рамазанова – Ағылшын тілі департаментінің координаторы
Миссиясы және Негізгі Міндеттері:
Комитет мектептің ғылыми-зерттеу қызметіне жауапты атқарушы және шешім қабылдаушы орган болып табылады. Оның құрамына оқытушылар мен студенттер арасынан мектеп ұсынған жетекші және жас ғалымдар кіреді. Комитеттің құрамы мен оның өзгерістері факультет ұжымының жалпы мектеп жиналысында дауыс беру арқылы, комиттетің 2/3 бөлігі болған жағдайда бекітіледі. Комитет қызметінің жалпы басқаруын Комитет төрағасы жүзеге асырады, ол жалпы мектеп жиналысында дауыс беру арқылы тағайындалады.
Ғылым Комитеті келесі міндеттерді орындайды:
– SLA шеңберіндегі зерттеулерді сараптау және қолдау мәселелері бойынша ережелер мен стандарттарды бекіту;
– зерттеу этикасының стандарттарын әзірлеу және бекіту;
– ғылыми конференциялар, семинарлар және басқа да ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру.
Жамиля Бопурова – Жоғары гуманитарлық мектептің деканы
Ольга Байнова – Магистратура, ғылым және даму мәселелері бойынша декан орынбасары
Акерке Салимова – Бакалавриат бойынша декан орынбасары
Гульмира Баржаксина – Кәсіптік қызмет, студенттік қолдау және даму бойынша декан орынбасары
Елена Целенко – «Аударма ісі» және «Қолданбалы лингвистика» білім бағдарламаларының жетекшісі
Анар Бухарова – «Психология» білім бағдарламасының жетекшісі
Мадина Лукпанова – «Туризм» және «Қонақүй ісі» білім бағдарламаларының жетекшісі
Гульзат Алимбаева – Жалпы білім беру пәндері департаментінің координаторы
Мархабат Рамазанова – Ағылшын тілі департаментінің координаторы
Мадина Муканбеднярова – Эдвайзерлер кеңсесінің жетекшісі