2024 жылдың 25 қыркүйегінде MNU Нидерландтың Қазақстандағы елшісі Нико Шермерсті қабылдады.
Жаңа оқу жылы Maqsut Narikbayev University (MNU) қабырғасында “Қолданбалы дипломатия” дәрістер сериясының жаңа циклінің басталуын білдіреді. Осыған орай, MNU Нидерландтың Қазақстандағы елшісі Нико Шермерсті қабылдады.
Елші Шермeрс Нидерланд экономикасы, су ресурстарын басқару, Қазақстанның дамуы және екі ел арасындағы, әсіресе білім саласындағы, берік екіжақты қатынастар туралы пікірімен бөлісті. Сонымен қатар, ол өз дипломатиялық тәжірибесімен бөлісе отырып, мысалдар келтірді.
MNU мен Нидерланд елшілігі арасындағы тығыз байланыстар мен серіктестіктің символы ретінде елші Шермерс “DOSTYQ” орденімен марапатталды. Биыл біз осы жоғары марапатқа ие болған жақын серіктестерімізді құттықтап, олар туралы толық ақпаратты болашақта жариялайтын боламыз.