Миссия

Maqsut Narikbayev University басты мақсаты - сапалы және қолжетімді білім беру арқылы қоғамға қызмет ету.

Сапалы білім

Біз беретін білім - халықаралық стандарттарға сәйкес әрі қазіргі еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Қолжетімді білім беру

Оқу құны білім беру қызметінің сапасы мен бағасына сай келеді.

Көзқарас

Даму жолы ғылым, білім, әлеуметтік жауапкершілік және рухани-адамгершілік құндылықтармен айқындалатын адал және әділ қоғам құруға жәрдемдесу.

Maqsut Narikbayev University стратегиялық жоспары

Maqsut Narikbayev University тарихы

Алматыдан Астанаға. Қазақ мемлекеттік заң институтынан Maqsut Narikbayev University-ге. 1994 жылдан бастап біздің университет Қазақстан Республикасының оңтүстік астанасы — Алматыда өз есігін ашты. 2002 жылдан бастап еліміздің жаңа астанасы — Астана қаласына көшірілді. 2020 жылы Maqsut Narikbayev University ҚР БҒМ және "Атамекен" ҰКП рейтингінде № 1 ЖОО атанды. Төменде біздің университеттің тарихы туралы толығырақ білуге болады.

14 наурыз 1994 жыл
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақ мемлекеттік заң институтын құру туралы» №1591 Жарлығы
Еркеш Калиевич Нурпеисов
1994-1996 жылдар аралығында ректор
6 қараша 1996 жыл
КазГЮУ университетін Әділет министрлігінің құзырынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құзырына беру
Нағашбай Аманғалиұлы Шайкенов
1996-2000 жылдар аралығында ректор
14 ақпан 2000 жыл
«Қазақ мемлекеттік заң университеті» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мен «Мемлекет және құқық институтын» біріктіру және «Қазақ мемлекеттік заң академиясы» мемлекеттік кәсіпорнын (ҚазМЮА) құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №236 Қаулысы.
Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев
2000-2007 жылдар аралығында ректор
2002 жыл
Университетті жаңа астанаға көшіру - Астана қаласы
21 қыркүйек 2007 жыл
Болоньядағы (Италия) университеттердің Магна Картасын қабылдау
2 шілде 2008 жыл
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Елорданың сол жағалауындағы КазГЮУ университеті кампусының ашылу салтанаты
Сергей Федорович Ударцев
2007-2009 жылдар аралығында ректор
Марат Шекішұлы Қоғамов
2009-2012 жылдар аралығында ректор
2013 жыл
20 жылдыққа орай "2013-2020 — Әлемдік деңгейдегі ЖОО" даму стратегиясын қабылдау
Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев
2012-2013 жылдар аралығында ректор
21 қыркүйек 2017 жыл
FIBAA, CIMA, ACCA, ASIANSIL, HRCI, DAAD аккредитацияларын алу
Талғат Мақсұтұлы Нәрікбаев
2013-2019 жылдар аралығында ректор
2 шілде 2018 жыл
Әлемнің 700 топтарының арасында JESSUP TOP 50
2019 жыл
ҚР БҒМ және "Атамекен" ҰКП рейтингіндегі ең үздік 3 ЖОО қатарына ену
Дәуленов Мирас Мұхтарұлы
Ректор 2019
2020 жыл
ҚР БҒМ және "Атамекен" ҰКП рейтингінде Қазақстан ЖОО-лары арасында №1 ЖОО атану
Пен Сергей Геннадьевич
Провост 2019 – қазіргі уақытқа дейін