MNU Logo
MNU ПРОФЕССОРЫ БҰҰ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАНАМА ІС-ШАРАДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ - MNU

MNU ПРОФЕССОРЫ БҰҰ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАНАМА ІС-ШАРАДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Post Image
22.10.2024


2024 жылдың 19 қазанында Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, MNU Associate Professor Муслим Хасенов БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-сессиясы аясында сөз сөйледі.

Сессияда әйелдер мен балаларды қорғауға арналған әлеуметтік қызметтердің адами ресурстық әлеуетін арттыру және әлеуметтік жұмыстың Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізудегі маңызды рөлі сияқты тақырыптар талқыланды. 

Өз сөзінде Хасенов БҰҰ әлеуметтік жұмысқа арналған Үлгілік заң әзірлеуге назар аудару керектігін атап өтті. Мұндай заң әртүрлі елдерге әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі мен әлеуетін нығайтуда бағыт-бағдар болып, олардың құқықтық жағдайын жақсартуға ұсыныстар әзірлеуге көмектесе алады.

Сонымен қатар, Хасенов әлеуметтік қызметкерлердің жалақыдағы гендерлік теңсіздігін, әйелдердің саяси және экономикалық салаларда жеткіліксіз өкілдік етуін, сондай-ақ осал топтармен жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру қажеттігін айтты. Сонымен қатар, әлеуметтік саладағы әйел көшбасшыларды қолдауға ерекше назар аудару қажет, себебі бұл барлық деңгейде әйелдер мен балалардың құқықтарын алға жылжытады.

Вашингтон университетінің (Сент-Луис, АҚШ) профессоры Майкл Шерраден сияқты халықаралық сарапшылар да өз тәжірибелерімен бөлісіп, әмбебап балалар жәрдемақысы идеясын негізге алған Қазақстанның «Ұлттық балалар қоры» бағдарламасын іске асырудағы табыстарын атап өтті.

Іс-шарада БҰҰ, халықаралық ұйымдар және академиялық қауымдастықтың өкілдері бас қосып, әйелдер мен балалардың әлеуметтік қорғалуын нығайту жолындағы  Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз