MNU Logo
PESOCHNICA, GOOGLE СТИЛІНДЕГІ СЫРҒАНАҚ, КОВОРКИНГ: MNU-ДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІК АШЫЛДЫ - MNU

PESOCHNICA, GOOGLE СТИЛІНДЕГІ СЫРҒАНАҚ, КОВОРКИНГ: MNU-ДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІК АШЫЛДЫ

Post Image
28.01.2025

2025 жылдың 27 қаңтарында Maqsut Narikbayev University-де студенттерге арналған қоғамдық кеңістік – Pesochnica атты жеке және топтық жұмыс үшін заманауи multispace таныстырылды.

Жаңа локацияда әртүрлі іс-шаралар, қонақ лекциялары, студенттік ұйымдар кездесулері және шығармашылық белсенділіктер өткізуге болады. Модульдік құрылым кеңістікті нақты іс-шараға сәйкес тез бейімдеуге мүмкіндік береді, ал эргономикалық жабдықтау оны қысқа кездесулер мен ұзақ талқылаулар үшін ыңғайлы етеді. Pesochnica көпфункциялы жұмыс аймағын, төрт Кіші, екі Орташа форматтағы кабинетті және 80 адамға арналған Үлкен кабинетті қамтиды. Сонымен қатар, multispace-ке Google кеңселеріндегі сияқты сырғанақ арқылы кіруге болады.

Жаңа кеңістікті салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нурбек және MNU Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, АХҚО Сотының тіркеушісі әрі аппарат жетекшісі Кристофер Кэмпбелл-Холт ашты. Министр Студенттер ісі департаментінің (DSA) қызметімен танысып, университет студенттері өтетін CSI (Creativity, Service, Intelligence) курсының ерекшеліктерін қарастырды. Сондай-ақ, Саясат Нурбек MNU-ді инфрақұрылымды жақсартуға инвестиция салатын университеттер арасында тамаша үлгі ретінде атап өтті.

Жаңа қоғамдық кеңістіктің атауы кездейсоқ таңдалмағанын атап өткен жөн. Құмсалғыш – балалық шақта алғашқы коммуникациялар орын алатын жер болса, ал ғылымда ол жаңа идеялар мен әзірлемелерді сынақтан өткізетін эксперименттік аймақтармен байланысты. Айта кетейік, Pesochnica-дан басқа университетте бірнеше басқа қоғамдық кеңістіктер жұмыс істейді.

“Біздің жаңа орнымыз бүгінде университетте 40-тан астам студенттік ұйымдарға арналған. Олар әртүрлі бағыттарды қамтып, студенттер арасында үлкен танымалдылыққа ие. Осы ұйымдарға қатысу арқылы студенттер өздерінің шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға көмектесетін және университеттің және жалпы қоғамның әлеуметтік өміріне терең араласуға ықпал ететін CSI курсынан өтеді. Мен Pesochnica біздің студенттеріміз үшін жаңа шабыт көзіне айналып, олардың идеяларын жүзеге асыруда қосымша серпін береді деп сенемін”, – деді MNU басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Pesochnica қоғамдық кеңістігін пайдалану ыңғайлылығы үшін жақын арада Spaces MNU жаңа онлайн платформасы іске қосылды.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз