
Біз THRI-CEGREG бірлескен басылымдар сериясындағы алғашқы онлайн мақаланың жарияланғанын қуана хабарлаймыз! Бұл бастама – Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия бойынша Гаага зерттеу институты (THRI) мен Maqsut Narikbayev University ХЭМ жанындағы жаңадан құрылған Жаһандық және өңірлік басқару орталығы (CEGREG) арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі.
Бұл серия Орталық Азияның көзқарастарын басқару жөніндегі жаһандық пікірталастарға енгізуге арналған, дәлелдерге негізделген тұжырымдар мен ғылыми талдауларды бөлісуге мүмкіндік беретін ашық платформа ретінде қызмет етеді. CEGREG және THRI тәжірибелерін біріктіре отырып, аймақтық дауыстарды күшейтуге және өзекті геосаяси және әлеуметтік-экономикалық үрдістерді зерттеуге деген ортақ міндеттемемізді айқындайды.
Алдағы басылымдар халықаралық санкциялар мен стратегиялық сауда бақылауы, маңызды минералдық ресурстарды басқару, Қытайдың Орталық Азиядағы ЕО қатысуына көзқарасы сияқты өзекті тақырыптарды, сондай-ақ CEGREG пен THRI зерттеу миссияларына сай келетін өзге да мәселелерді қамтиды. Биылғы жылы біз Maqsut Narikbayev University зерттеушілері мен Нидерландтағы әріптестерімізді біріктіретін онлайн талқылау өткізуге қуаныштымыз. Бұл іс-шара осы басылымдар қозғаған пікірталастарды одан әрі тереңдетеді деген сенімдеміз.
Біздің сериядағы алғашқы мақаламен мына сілтеме арқылы таныса аласыз: “Трамп 2.0 және Орталық Азия: Терең өзара іс-қимылдың дилеммалары” (ағылшын тілінде). Бұл еңбекте автор жаһандық күштердің өзгеруі аясында Трамп 2.0 әкімшілігімен Орталық Азияның қарым-қатынасының күрделілігін талдап, өңірдің стратегиялық қиындықтары мен мүмкіндіктеріне жаңа көзқарас ұсынады.