MNU Logo
ГЕНДЕРЛІК ТЕҢСІЗДІК ҚАЗАҚСТАНҒА МИЛЛИАРДТАҒАН ШЫҒЫН ӘКЕЛУДЕ: MNU ЗЕРТТЕУІ - MNU

07.03.2025

ГЕНДЕРЛІК ТЕҢСІЗДІК ҚАЗАҚСТАНҒА МИЛЛИАРДТАҒАН ШЫҒЫН ӘКЕЛУДЕ: MNU ЗЕРТТЕУІ

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында MIND Talks алаңында «Гендерлік экономика: әлем және Қазақстан туралы не білеміз?» атты аналитикалық зерттеу ұсынылды. Зерттеудің авторлары – Maqsut Narikbayev University Халықаралық экономика мектебінің деканы, экономика бойынша PhD Сауле Кемелбаева және MIND (Maqsut Narikbayev Institute for Network and Development) ғылыми-талдау орталығының әлеуметтік зерттеулер бағдарламасының тағылымгері Әділхан Оспанов. Олар еңбек нарығындағы гендерлік теңсіздіктің ауқымын, оның себептері мен ықтимал шешу жолдарын жан-жақты талдады. Бұл шешімдер табыс алшақтығын азайтуға, экономикадағы әйелдердің жағдайын жақсартуға және экономиканың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Зерттеуге сәйкес, Қазақстандағы әйелдердің білім деңгейі мен дағдылары жоғары болғанымен, әйелдер ерлерге қарағанда 30%-ға аз жалақы алады. Жоғары білімі бар халық саны гендерлік тұрғыдан шамамен тең, дегенмен жалдамалы жұмысшылар арасында жоғары білімі бар әйелдердің саны ерлерге қарағанда көбірек, ал 2000 жылдан бері жоғары оқу орындары түлектерінің орта есеппен 57%-ын әйелдер құрайды.   Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ересектер дағдыларын зерттеуіне сәйкес, Қазақстан – әйелдер функционалдық сауаттылықтың орташа деңгейі бойынша ерлерден жоғары нәтиже көрсететін сирек елдердің бірі. Алайда бұл фактор олардың еңбек нарығында тең жағдайға ие болуына әкелмейді. Әйелдер әлі де жетекші лауазымдарға сирек тағайындалып, көбіне төмен жалақы төленетін білім беру, әлеуметтік және мемлекеттік секторларда жұмыс істейді, ал олардың мансаптық өсуіне «әйнек төбе» тосқауылы кедергі келтіреді.  Әлемдік құндылықтар зерттеуі көрсеткендей, мәдени стереотиптердің ықпалы жоғары: Қазақстанда ерлердің 50%-дан астамы және әйелдердің 40%-ы жұмыс орындары шектеулі болған жағдайда, жұмысқа орналастыруда ерлерге басымдық берілуі тиіс деп санайды.

MNU Халықаралық экономика мектебінің деканы Сауле Кемелбаева атап өткендей, гендерлік айырмашылық мәселесі – тек әлеуметтік әділеттілік туралы ғана емес, сонымен қатар елдің экономикалық дамуына әсер ететін маңызды фактор.

«Әйелдердің білім деңгейінің жоғары болуына қарамастан, олардың экономикаға қатысуы шектеулі күйінде қалып отыр. Нысаналы реформалар мен қолдау бағдарламаларынсыз Қазақстан өз экономикалық әлеуетінің едәуір бөлігін тиімді пайдалана алмай, шығынға ұшырайды», – деп атап өтті Сауле Кемелбаева.

Гендерлік теңсіздіктің негізгі факторларының бірі – индустриялық және кәсіби сегрегация. Әйелдер көбінесе төмен жалақы төленетін салаларды таңдайды немесе сол салаларда жұмыс істеуге мәжбүр болады, ал жоғары табысты салалар – пайдалы қазбаларды өндіру және барлау, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі мен логистика – негізінен ерлердің үлесінде қалады. Зерттеу авторлары бұл жағдайды өзгерту үшін бірнеше шешімді ұсынады. 

Біріншіден, әйелдерді жоғары жалақы төленетін мамандықтарға белсендірек тарту қажет. Бұл мақсатқа мемлекеттік гранттар, білім беру бағдарламалары және IT, инженерия, қаржы және ғылым салаларындағы мақсатты тағылымдамалар арқылы қол жеткізуге болады.

Екіншіден, еңбекақы төлеу мәселесінде ашықтықты енгізу қажет. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, Ұлыбритания мен ЕО-дағы сияқты жалақы деңгейі бойынша гендерлік деректерді міндетті түрде жариялау табыс айырмашылығын азайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, компанияларда гендерлік аудит жүргізу және тең еңбекақы төлеу қағидаларын сақтағаны үшін сертификаттау жүйесін енгізу тиімді шаралардың бірі бола алады.

Зерттеуде әйелдердің басшылық лауазымдардағы өкілдігіне ерекше назар аударылған. Кейбір елдерде, мысалы, Норвегияда, ірі компаниялардың директорлар кеңесіндегі әйелдердің үлесі 40%-дан кем болмауын қамтамасыз ететін квоталау жүйесі енгізілген. Қазақстанда бұл механизм әлі қолданылмайды, бірақ сарапшылардың пікірінше, ол басқарушылық деңгейде теңдікке қол жеткізу үдерісін жеделдете алар еді.

Зерттеу авторлары нақты қандай саясат пен механизмдер белгілі бір экономикалық жағдайларда тиімді болатынын біржақты айту қиын екенін атап өтеді. Бұл мәселелер тек ғылыми қауымдастық аясында ғана емес, қоғам деңгейінде де кеңінен талқылануы тиіс. Дегенмен, McKinsey-дің маңызды есебіне сәйкес, әйелдер үшін тең мүмкіндіктер жасау әлемдік ЖІӨ-ні 26%-ға арттыруы мүмкін. Ал егер гендерлік экономикалық теңдікке жету үшін ешқандай шара қабылданбаса, бұл үдеріс әлемде тек 260 жылдан кейін жүзеге аспақ. Сондықтан бұл тақырып жылына бір рет талқыланумен шектелмеуі тиіс, оны жүйелі түрде қарастырып, нақты саясаттарды енгізу қажет. Қазақстанда гендерлік теңдікке қол жеткізу адами капиталды тиімді пайдалануға, жұмыс орындарының көбеюіне, салық түсімдерінің артуына және елдің халықаралық экономикалық позициясының нығаюына ықпал ете алады.

«Гендерлік теңдік – бұл тек әйелдердің құқықтары туралы емес, сонымен қатар экономиканың бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе. Егер әйелдер көбірек табыс табатын болса, олар білімге, денсаулыққа және бизнеске инвестиция жасай алады, ал бұл ұзақ мерзімді перспективада бүкіл қоғамға пайда әкеледі», – деп атап өтті MNU Халықаралық экономика мектебінің деканы Сауле Кемелбаева.

Зерттеу Қазақстандағы гендерлік теңсіздік тек мәдени емес, сонымен қатар құрылымдық мәселе екенін көрсетті. Білім беру, бизнес және әлеуметтік саясат салаларында реформалар жүргізілмесе, бұл алшақтықты жою мүмкін емес. MIND Talks алаңындағы зерттеу презентациясы экономистер мен жоба қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырды, және, мүмкін, оның қорытындылары болашақ реформалар үшін негіз бола алады.

Айта кетейік, MIND Talks – бұл Астана қаласындағы ORTA мәдени кеңістігінде өтетін Maqsut Narikbayev University ғалымдары мен профессорлары өз білімдерімен бөлісетін жоба. MIND ғылыми-талдау орталығының айтуынша, бұл жай ғана дәрістер сериясы емес, ғылымды елорда мәдениетінің бір бөлігіне айналдыруға бағытталған маңызды қадам. Жоба туралы толығырақ ақпарат алып, дәрістерге қатысу үшін төмендегі сілтемеге өтсеңіз болады.

Post Image

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз