MNU Жоғары құқық мектебінің бірінші курс студенттері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде болды. Студенттердің заң шығарушы органға сапары MNU Professor Emeritus Үнзила Шапақ жүргізетін «ҚР Конституциялық құқығы» пәнінің аясында ұйымдастырылды.
Болашақ заңгерлер Мәжілістің жалпы отырыс залын аралап, халық қалаулыларынан заң шығару үдерісінің практикалық қырлары мен Парламенттің мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі туралы ақпарат алды. Оқу барысындағы бұл тәжірибелік сабақ Мәжіліс депутаты, MNU Professor Emeritus Үнзила Шапақтың бастамасымен өтті. Осындай формат Maqsut Narikbayev University студенттеріне сапалы білім алуға кең мүмкіндік беретінін тағы бір мәрте дәлелдейді.
