
Maqsut Narikbayev University-де 30-шы рет студенттердің оқу бітіру кеші өтеді. Бакалавриат және магистратура түлектеріне диплом табыстау рәсімі 2025 жылдың 9 шілдесіне жоспарланған.
Салтанатты кеш дәстүрлі түрде құрметті қонақтардың, университет басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамының, студенттердің туыстары және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтеді. Іс-шара MNU ғимаратының алдындағы жаңа Фемида гүлзарында өтеді. Бұл қоғамдық кеңістікті салу және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстарды университеттің басты іс-шараларының өткізілуіне қарай аяқтау жоспарлануда.
Айта кетейік, Maqsut Narikbayev University дипломдарын биыл 900-ден астам адам алады деп күтілуде. Олардың қатарында Халықаралық журналистика мектебінің алғашқы түлектері де бар.