Оқу ақысы тиісті академиялық кезең (семестр) үшін жеке оқу жоспарында (ЖОЖ) айқындалған пәндер бойынша сіз таңдаған кредиттер санына бір кредит құнының туындысынан қалыптастырылады.
Оқу ақысы тиісті академиялық кезең (семестр) үшін жеке оқу жоспарында (ЖОЖ) айқындалған пәндер бойынша сіз таңдаған кредиттер санына бір кредит құнының туындысынан қалыптастырылады.
Сіз кредит санын өзіңіздің мектебіңіздің эдвайзерінен біле аласыз.
Бір академиялық кредиттің құны шартта көрсетілген, сондай-ақ мобильді қосымшадағы «Қаржы» → «Кредит құны» бөлімінде қолжетімді.
Оқу ақысы академиялық күнтізбеге (1 курс білім алушыларынан басқа) және білім беру қызметтерін көрсету шартының талаптарына сәйкес тіркеу басталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын толық мөлшерде жүзеге асырылуға тиіс.
Төлем тек тиісті академиялық кезеңге (семестрге) жүргізіледі. Екі немесе одан да көп академиялық кезең үшін, сондай-ақ бүкіл оқу мерзімі үшін ақы төлей алмайсыз.
4 айлық төлем кестесі үшін:
3 айлық төлем кестесі үшін:
Төлем кестесі өтініш беру күніне байланысты 3 немесе 4 ай мерзімге беріледі.
Кестеге сәйкес әр айдың 20 – сына дейін төлем жасау керек.
Университет ережелері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру қарастырылмаған.
Жеке оқу жоспары бойынша немесе 30 академиялық кредит үшін төлем, оның ішінде төлем кестесін рәсімдеу кезінде енгізілетін бастапқы төлем тіркеуге дейін кемінде 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс.
Жеке жоспар бойынша немесе отыз академиялық кредит үшін, оның ішінде төлем кестесін ресімдеу кезінде кемінде 25% бастапқы жарна үшін төлем кешіктірілмей енгізілуге тиіс:
— күзгі семестр-25 тамыз;
—көктемгі семестр-25 желтоқсан.
Білім алушыны демалыс кезеңінде бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауыстыру кезінде білім беру бағдарламасы кредиттерінің құны бойынша 1 академиялық кредит үшін жаңа құн белгіленеді, оған білім алушы ауысу жылына бекітілген құн тізіліміне сәйкес ауыстырылады.
Төлем айдың 5-ші күніне дейін бір ай бұрын жүзеге асырылады.
Егер сізде оқу ақысын төлеу туралы сұрақтарыңыз болса, корпоративтік поштаға жазыңыз info_buh@mnu.kz,
немесе +7 (7172) 70-30-30 нөміріне қоңырау шалыңыз, Бухгалтерлік есеп бөлімі