Maqsut Narikbayev University Халықаралық экономика мектебінің студенттері Әнел Омарова мен Әнел Арыстан EY NextGen Women аймақтық байқауының үздік қатысушыларының қатарына кірді. Олар екінші және үшінші орындарды иеленді.
EY NextGen Women аудиторлық және консалтингтік компаниялардың ірі желісінде табысты мансап құруға әлеуеті бар әйелдер үшін халықаралық конкурс болып табылады. Қазақстандық кезеңге 180-нен астам адам қатысты, олардың алтауы ғана финалға жолдама алды. Бұдан басқа, MNU студенттер тобы EY жазғы мектебіне қатысты.
Айта кетейік, Maqsut Narikbayev University студенттеріне ұлттық және халықаралық беделді компанияларда тағылымдама мен өндірістік практикадан өтудің бірегей мүмкіндіктері ұсынылады. Бұдан басқа, MNU түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жоғары көрсеткіштерді көрсетуде.
