MNU Logo
Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: MNU-да Еуразиялық форум өтті - MNU

26.09.2025

Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: MNU-да Еуразиялық форум өтті

Maqsut Narikbayev University-де Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша 8-ші Еуразиялық форум өтті. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, қазақстандық және халықаралық сарапшылар университеттерге жаңа технологиялар енгізу мен сын-қатерлер мәселелерін талқылады.

Қарқынды цифрландыру, жасанды интеллектінің (ЖИ) кең таралуы және жаһандық еңбек нарығының өзгеріп отыратын талаптары жағдайында университеттер оқыту мен басқаруға деген өз тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажеттілігі алдында тұр. Дәл осы сын-қатерлер форум барысында қызу пікірталас тудырды. Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (IQAA) Байқау кеңесінің төрағасы Жақсыбек Құлекеев бүгінгі таңда білім беру сапасының білім беру бағдарламаларының икемділігімен және олардың экономиканың нақты қажеттіліктеріне бейімделу қабілетімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі екенін, Еуразиялық континенттің дәл ортасында орналасқанын атап өтті. Жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, еліміз жасанды интеллектіні үндестіру бағытында батыл қадам жасады. Қазақстандық жоғары оқу орындары үшін бұл тек университеттің миссиясын қозғайтын жаңа технология ғана емес, сонымен қатар қоғам мен жас ұрпақ алдындағы жауапкершілік», – деді Жақсыбек Құлекеев.

Бірқатар отандық ЖОО басшылары білім беру процесінде жасанды интеллектіні пайдалану тәсілдері туралы айтып берді. Maqsut Narikbayev University Провосты Сергей Пен ЖИ-ді интеграциялауда жүзеге асқан мысалдармен бөлісті. Ол MNU-дың жаңа технологияларды оқу процесіне және зерттеулерге ықпалдастыру үшін қабылдайтын практикалық қадамдары, сондай-ақ инновацияларға ықпал ететін орта құру туралы айтып берді.

«Заманауи білім беру промптингке базалық оқытудан одан әрі ілгерілеуі тиіс. Микропроцесстерге күрделі міндеттерді декомпозициялау бойынша студенттерді оқыту негізгі міндет болып табылады. Бір ЖИ моделімен жұмыс істеудің орнына әрбір жүйе өзінің кішігірім міндетін орындайтын мультиагенттік жүйелердің архитектурасы мен басқаруын үйрету қажет. Дәл осы дағдылар және нақты нәтиже алу үшін осындай жүйелерді жобалау мен үйлестіру оқу бағдарламалары үшін жаңа сын-қатер болып табылады», – деді Сергей Пен.

Іс-шара барысында Бельгия мен Словенияның сарапшылары аккредиттеу рәсімдерінде ЖИ-ді пайдалану және сапаны сыртқы бақылаудың заманауи үрдістері туралы ақпаратпен бөлісті. Айта кетейік, Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша Еуразиялық форум MNU-да төртінші рет өткізілді. Іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, IQAA-мен бірлесе ұйымдастырылды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз