
Maqsut Narikbayev University-де (MNU) басқару құрылымын трансформациялау процесі жалғасуда. Жоғары гуманитарлық мектебінің деканы қызметіне Жәмиля Бопурова тағайындалды.
Жәмиля Бопурова еңбек жолын С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Ғылым және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің маманы қызметінен бастады. 2014 жылдан бастап MNU Жоғары гуманитарлық мектеп деканының бакалавриат бойынша орынбасары болып жұмыс істейді. Ол оқу жоспарларын әзірлеу және қайта қарау, мектеп пен университет бөлімшелерінің өзара іс-қимылын үйлестіру, білім беру бағдарламаларын лицензиялау және аккредиттеу үшін құжаттаманы дайындауға жетекшілік етті.
Жәмиля Бопурова С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (2000 ж.) және Nazarbayev University (2022 ж.) түлегі. Ол қазақ, орыс, ағылшын және поляк тілдерін меңгерген. Айта кетейік, бұған дейін Сергей Пеннің Басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары, сондай-ақ Анар Ибраеваның Провост лауазымына тағайындалғаны белгілі болған болатын.
MNU Жәмиля Төлегенқызын тағайындалуымен құттықтайды және қызметіне табыс тілейді!