Maqsut Narikbayev University-де Ватиканның Қазақстандағы Елшісі – Апостол нунций Джордж Панамтундил сөз сөйледі. Қонақ дәріс «Мәдениеаралық коммуникация» арнайы курсы аясында өтті.
Қасиетті Тақтың жоғары дипломатиялық өкілі Ватиканның тарихы мен мемлекет дәстүрінің түрлі мәдени контекстерге бейімделуі туралы айтып берді. Джордж Панамтундил сондай-ақ халықтар мен конфессиялар арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын түсінушілік, құрмет пен диалогтың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол «Туризм» және «Қонақжайлылық» мамандықтары студенттерінің сұрақтарына жауап берді.
«Мен сіздердің университетіңізді өте жақсы көремін, өйткені мұнда студенттердің бақытты жүздерін көремін. Бұл білімнің көпшілікке қуаныш әкелетінін білдіреді. Мені дәріске қатысушылардың жан-жақты сұрақтары таң қалдырды, демек олар әр түрлі бағытта ойлайды. Студенттерге әрбір адам – маңызды тұлға екенін есте сақтап, нағыз кәсіпқой болып және құндылықтарды ұмытпауға кеңес беремін», – деді Джордж Панамтундил.
Айта кетейік, Қазақстан Қасиетті Тақпен ынтымақтастықты қарқынды нығайтуда. 2022 жылы Астанаға мемлекеттік сапармен Рим Папасы Франциск келді, ал өткен жылдың қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканға өзінің алғашқы ресми сапарын жасады.


