2022 жылғы 5 қазанда М. Нарикбаев КАЗГЮУ Университеті «Қолданбалы дипломатия» курсы аясында Индонезия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі мәртебелі Мохаммад Фаджрул Рахманды қонақ лекциясына шақырды.
Елшінің дәрісі Индонезия дипломатиясы, сыртқы саясаты және Индонезия Республикасының туризмін талқылауға арналды.
Дәріс соңында Мохаммад Фаджрул Рахман Индонезия Қазақстанмен екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған барлық шараларға жастардың қатысуын ынталандыратынын атап өтті.
