2024 жылдың наурыз айынан бастап Maqsut Narikbayev University Қазақстан Республикасындағы ұжымдық еңбек қатынастарын реформалауға бағытталған заң жобасының негізгі әзірлеушісі болып табылады.
Заң жобасы бойынша жұмыс MNU Еңбек құқығы ғылыми мектебінің профессорлары тарапынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Жобалық кеңсесімен тығыз ынтымақтастықта жүргізілді.
Құжатты әзірлеу барысында мемлекеттік органдар, кәсіподақтар, жұмыс берушілер және өзге де әлеуметтік әріптестердің қатысуымен Сенат жанындағы Жұмыс тобының 17 отырысы өткізілді.
Мұндай кең ауқымды сараптамалық талқылау ұсынылған өзгерістерді жан-жақты пысықтауға және елдегі ұжымдық еңбек қатынастарын реттеу жүйесін жаңғыртуға бағытталған бастаманың жоғары маңыздылығын растауға мүмкіндік берді.