Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапары аясында АҚШ-та оқитын қазақстандық студенттермен және «Болашақ» стипендиясының иегерлерімен кездесті. Президент отандастармен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.
Кездесуге қатысушылардың арасында Maqsut Narikbayev University профессорлары Мүслім Хасенов пен Закарья Рахметолла да болды. Олар Гарвард университетінің Дэвис атындағы орыс және еуразиялық зерттеулер орталығы шақырған әлемнің 20 ғалымының қатарына енді. Мүслім Хасенов Қазақстан Президентіне АҚШ-тағы тағылымдамасы туралы айтып, жас ғалымдарды қолдағаны үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада Мемлекет басшысымен MNU студенттері де кездесті.
