MNU Logo
Euronews академиясы: MNU-да медиа технологиялар бойынша курс өтті - MNU

08.11.2025

Euronews академиясы: MNU-да медиа технологиялар бойынша курс өтті

Maqsut Narikbayev University-де Euronews академиясының курстары жалғасуда. Осы аптада «Студиядағы жарық пен дыбыс» және «Әлеуметтік желілер дәуірінде контент жасау» модульдері өтті.

Қазақстанның бес қаласынан мультимедиялық контент жасау бойынша 40-қа жуық маман практикалық тапсырмаларды орындап, шетелдік сарапшылармен нақты кейстерді талқылады. Модульдердің тренерлері BBC, Euronews, CNN және Al Jazeera компанияларымен жұмыс істеген, телевизиялық өндіріс саласындағы сарапшы Валери Одикадзе, Euronews-тің Грузиядағы бюросының дыбыс режиссері Кахабер Чалелишвили, сондай-ақ Euronews тележүргізушісі әрі продюсері Денис Локтье болды. Модульдер бағдарламасы қазақстандық медиа саласы мамандарының техникалық және шығармашылық қабілеттерін арттыруға және медиа өндірісіне халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған.

Euronews академиясының курстары журналистика және медиа саласындағы кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған. Қатысушылар телеарнаның білім беру бағдарламалары мен тағылымдамаларына қол жеткізіп, халықаралық жетекші сарапшылардан тәжірибелік білім алады. Жоба Euronews, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры және Астана қаласының жоғары оқу орындары арасындағы меморандум аясында іске асырылуда, онда Maqsut Narikbayev University курстарды өткізу базасы ретінде белгіленген. Бұған дейін курстардан MNU студенттері, журналистер және отандық медиа менеджерлер өткен болатын.

Айта кетейік, келесі аптада MNU-да «Цифрлық журналистика» курсы өтеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз