Maqsut Narikbayev University студенттері III Qaisar Games Чемпиондар ойындарының еріктілері болды. 160-тан астам баланы біріктірген халықаралық жоба Астанада өтті.
Qaisar Games 2025 сайысы қатерлі ісікті жеңіп шыққан және ауыр диагноздарды еңсерген балаларды біріктірді. Бағдарламаға жеңіл атлетика мен жүзуден бастап тоғызқұмалақ пен асық атуға дейін спорттың он түрі бойынша жарыстар енгізілді. Сондай-ақ балалар мен олардың ата-аналарына арналған шығармашылық шеберханалар, психологиялық тренингтер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ауқымды іс-шараны ұйымдастыруға MNU Жоғары гуманитарлық мектебінің студенттері белсене қатысты. Олар өздерін еріктілер және тәлімгерлер ретінде көрсетті. Бұдан басқа, студенттер қатысушы командаларға жарыс алаңдарында көмек көрсетіп, шеберлік сыныптар мен анимациялық белсенділіктер өткізді.
