Maqsut Narikbayev University-де «Теңізшевройл» ЖШС Бас директорының үкімет және қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Хеймиш Полстың дәрісі өтті. Ірі қазақ-американ кәсіпорнының топ-менеджері MNU Бизнес мектебінің дәрістер сериясы аясында сөз сөйледі.
Хеймиш Полс өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, мансаптық кезеңдері, басқару мен көшбасшылыққа деген көзқарасын қалыптастырған шешімдері туралы әңгімеледі. Ол Қазақстанды еңбек қызметі үшін керемет мемлекет екенін атап өтті. Оның айтуынша, қоғамның саяси тұрақтылығы, мәдени әралуандығы мен ашықтығы мамандардың дамуына және ірі жобаларды табысты жүзеге асыруға бірегей жағдай жасайды.
Дәріс барысында Хеймиш Полс Атырау облысындағы жұмыс ерекшеліктеріне тоқталып, жергілікті мәдениет пен дәстүрмен танысқаны туралы айтты. Бұл оның кәсіби және жеке өмірінің маңызды бөлігіне айналды. Спикер сондай-ақ студенттердің мансаптық өсу, корпоративтік орта мен жеке мотивация туралы сұрақтарына жауап берді.
Айта кетейік, «Теңізшевройл» Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші компания ретінде танымал.


