MNU Logo
MNU студенттері бизнес көшбасшыларымен кездесті - MNU

03.12.2025

MNU студенттері бизнес көшбасшыларымен кездесті

Maqsut Narikbayev University-де студенттердің YPO Kazakhstan мемберлерімен кездесуі өтті. Ірі бизнесмендер өз компанияларының даму тәжірибесімен бөлісіп, кәсіпкерліктің келешегін талқылады.

Спикерлердің қатарында Рауан Кенжеханұлы («Bilim Media Group» негізін қалаушы және YPO Kazakhstan төрағасы), Асхат Омаров (BI Group холдингінің тең иесі), Самат Даумов (GRATA International-дың серіктесі және Астанадағы кеңсесінің директоры, MNU түлегі), Бауыржан Тұрматов (BAUNER құрылтайшысы) және Нұрасыл Жарбасов (DEM Group Директорлар кеңесінің төрағасы). Олар жаһандық және жергілікті бизнес үрдістер туралы айтып, нақты экономика жағдайында компанияларды дамыту жөніндегі жеке кейстері мен ұсыныстарымен бөлісіп, көшбасшылық пен кәсіпкерлік ойлау туралы әңгімеледі. Сонымен қатар бизнесмендер студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында қазақстандық кәсіпкерлердің 38 нақты бизнес кейсін қамтитын YPO Kazakhstan жинағының тұсаукесері болды. Спикерлер әлемдік жетекші бизнес мектептерде оқыту шетелдік мысалдарға негізделетінің ескере отырып, отандық студенттердің жергілікті контекст, нарық ерекшелігі мен ұлттық компаниялардың нақты даму тарихын көрсететін жеке кейстер базасы болуы маңызды екенін атап өтті. Кітаптың он данасы кездесудің белсенді қатысушыларына табысталды.

«MNU өте жағымды әсер қалдырды. Студенттердің көзінен табысқа деген құштарлықты көрдім. Бұл балаларға өздерін осы өмірде табуға көмектесетін негіз деп ойлаймын. Біз тұрақты түрде диалог жүргізуге дайынбыз. Мен студенттерге қазіргі сәттен ләззат алып, білім алуға тілектеспін», – деді Асхат Омаров.

Айта кетейік, YPO бизнесмендердің ең өкілетті желісі, оның құрамына бүкіл әлем бойынша компаниялардың иелері мен бірінші басшылары кіреді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз