MNU Logo
MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады - MNU

05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп директорлары, педагогтар, сарапшылар мен университет профессорлары мектептердің білім беру процесіне жасанды интеллект интеграциясын және дербес деректерді қорғауды талқылады.

MNU Bridge Hub мектептер мен университеттер арасындағы тұрақты және ашық диалогты қалыптастырудағы маңызды қадам болды. Іс-шара аясында қатысушылар цифрлық технологияларды енгізу, дербес деректердің қауіпсіздігі, дағдарысқа қарсы коммуникациялардың заманауи модельдері және білім беру бағдарламаларының сабақтастығы туралы пікір алмасты. Жеке блок оқу процесінде ЖИ-ді қолданудың практикалық құралдарына арналды.

«Мемлекет басшысы оқу процесіне жасанды интеллект енгізуді тапсырды. Бірақ табысты интеграция үшін мектептер мен университеттердің бірыңғай стратегиясы мен тығыз жұмысы талап етіледі. Бағдарламалар мен құзыреттерді бірлесіп қалыптастыру ғана нақты нәтиже береді. Бүгінде Maqsut Narikbayev University білім беру деңгейлерін біріктіретін және ЖИ-ді жүйелі түрде енгізуге мүмкіндік беретін көпір құрды», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, MNU Senior Lecturer-ы Асхат Аймағамбетов.

Қатысушылар мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы мәселелеріне ерекше назар аударды. Сессиялардың бірінде ата-аналармен қарым-қатынаста жиі кездесетін проблемалар қаралды. Олардың арасында буллинг, мектеп қызметкерлеріне қатысты агрессия, қауіпсіздіке шамадан тыс көңіл бөлу, сондай-ақ ата-аналардың бала үшін шешім қабылдауға ұмтылысы. Бұл мәселелер белсенді талқылау тудырып, салауатты білім беру ортасын қалыптастыруда жаңа тәсілдер қажеттігіне назар аударды.

«MNU жоғары және бітіруші курс студенттерінің бағдарламаларына жасанды интеллектті пайдалануды белсенді түрде қосуда. Біз студенттердің технологияны үйреніп қана қоймай, оларды зерттеулерде, тәжірибелік істерде және жобаларда қолданатын орта құрудамыз. Бұл болашақ мамандар үшін шешуші болып табылатын құзыреттерді қалыптастырады», – деді MNU Провосты Анар Ибраева.

Айта кетейік, MNU Bridge Hub алаңы мектептер мен университет арасындағы тығыз ынтымақтастықтың бастамасы болды. Бастама білім беру практикасын жаңартуға және Қазақстанның орта білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау бойынша шараларды қолдауға ықпал етті. Іс-iара барысында осындай формат жыл сайынғы негізде өткізілетіні атап өтілді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

Өзбекстан Елшісі MNU-да дәріс оқыды
05.12.2025

Өзбекстан Елшісі MNU-да дәріс оқыды

Maqsut Narikbayev University-де Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимов сөз сөйледі. Ол болашақ...

MNU-да Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінің сарапшыларының қатысуымен медиафорум өтті
04.12.2025

MNU-да Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінің сарапшыларының қатысуымен медиафорум өтті

Maqsut Narikbayev University-де Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігімен бірлесе үшінші өңірлік медиафорум өтті. Іс-шараға қатысушылар жасанды...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз