Maqsut Narikbayev University-де гендерлік теңдікті ілгерілету мәселелері талқыланды. Жоғары оқу орнында Әйелдер тәлімгерлігі клубының кездесуі өтті.
Іс-шара «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» жаһандық жыл сайынғы науқаны аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында MNU Senior Lecturer-ы Әйгерім Құсайынқызы гендерлік теңдікті ілгерілетудің заманауи тәсілдері, білім беру және кәсіби ортада әйелдерді қолдаудағы негізгі трендтер туралы айтып, сенімділік пен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудағы тәлімгерліктің рөлін атап өтті. Сонымен қатар қатысушылар клуб қызметі аясындағы алдағы қадамдар туралы пікір алмасты.
Айта кетейік, Әйелдер тәлімгерлігі клубы 100-ден астам адамды біріктіреді. Бірлестік әйелдерді қолдауға және өзара көмек мәдениетін нығайтуға бағытталған жобаларды дамытуды жалғастыруда.


