Maqsut Narikbayev University профессорлық-оқытушылар құрамы судьялыққа үміткерлермен өз білімдерімен бөлісті. Жоғары оқу орнында бес күндік интенсивті құқықтық тренинг өтті.
Судьялық лауазымға іріктеу үшін елуден астам бәсекеге қабілетті үміткер қылмыстық, жария, жеке құқық бойынша кейстерді шешіп, эссе жазу және дәлелдеу техникасы дағдыларын дамытты. Университет профессорлары психологиялық тестілеуге дайындық пен әңгімелесу және модельдік сұхбат жүргізу әдістемесімен бөлісті. Сонымен қатар тренинг бағдарламасына шешендік өнер мен көшбасшылық бойынша блок кірді.
Айта кетейік, іс-шараның мақсаты – судьялыққа кандидаттарды даярлау сапасын арттыру, құқықтық талдау, дәлелдеу және сот құжаттарын әзірлеу бойынша практикалық дағдыларды дамыту, сондай-ақ біліктілік емтиханының барлық кезеңдеріне кешенді дайындық. Тренинг Жоғары Сот Кеңесінің бастамасымен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі, Жоғарғы Сот, Сот төрелігі академиясы және Сот әкімшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды.




