MNU Logo
MNU Қазақстандағы жетекші университет – Қытай Елшісі - MNU

20.01.2026

MNU Қазақстандағы жетекші университет – Қытай Елшісі

Maqsut Narikbayev University-де Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин болды. Дипломат университет басшылығымен кездесу өткізіп, ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Хань Чуньлин университеттің инфрақұрылымымен танысып, білім беру және ғылыми орта үшін қолайлы жағдайлардың бар екенін атап өтті. MNU басшылығымен кездесуде ол қытай-қазақ ынтымақтастығын дамыту мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Елші мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтудағы жоғары оқу орындарының рөлін ерекше атады.

«Maqsut Narikbayev University – Қазақстандағы жетекші университет. Сондай-ақ университет жанында MIND ғылыми-талдау орталығы жұмыс істейді. Елшілік пен университеттің ынтымақтастығының арқасында біз халықтарымыздың өзара түсіністігіне елеулі үлес қоса аламыз. Біз барлық қажетті көмекті көрсетуге дайынбыз және де байланыстарды кеңейту мен академиялық ұтқырлық бағдарламаларын ілгерілету үшін MNU-ды Қытай университеттеріне ұсынуға ниеттіміз», – деді Хань Чуньлин.

Кездесу барысында Қытай Елшісі университетте Қытайлық құқықтық жүйе тақырыбы бойынша халықаралық семинар мен Көктем мерекесіне (Қытай Жаңа жылы) орай гала-концерт ұйымдастыруды ұсынды. MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев Хань Чуньлиннің бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Бұдан басқа, Талғат Нәрікбаев қытайлық әріптестермен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді ұсынып, Аспан асты елінің жоғары оқу орындарын ауқымды International Legathon MaxUP 2026 конкурсына белсенді қатысуға шақырды.

«Мемлекет басшысы биылғы жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осыған байланысты конкурстың тақырыбы – Digital Law, оның аясында студенттік командалар ЖИ және цифрлық құқық бағыттары бойынша кейстерді ұсынады. Өткен жылы бірінші International Legathon MaxUP төрт елдің студенттерін біріктірді, енді сайыс географиясы едәуір кеңейіп келеді. Қытай, Үндістан, Германия және Румыния университеттері конкурсқа қатысатындарын растады», – деді Талғат Нәрікбаев.

Хань Чуньлин осы жылы MNU-да өзінің қонақ дәрісін өткізетінін хабарлады. Елші студенттерді қытай тілін үйрену бойынша елшілік іс-шараларына белсенді қатысуға шақырды. Бүгінде университетте 300-ге жуық студент қытай тілін белсенді меңгеруде.

Айта кетейік, бұған дейін MNU «Қытай – Орталық Азия» Заңгерлік білім беру альянсына қосылып, Қытай саяси ғылымдар және құқық университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз