Maqsut Narikbayev University өзекті заң әдебиетін шығару жұмысын жалғастыруда. Университет профессорлары әкімшілік процесс пен жалпы криминология бойынша жаңа кітаптар шығарды.
Ғылым мен білім беру қоғамдастығына Assistant Professor, заң ғылымдарының кандидаты Алмас Жұмағалидің «Жалпы криминология» оқулығы қолжетімді. Сондай-ақ Associate Professor, заң ғылымдарының докторы Роман Мельниктің «Қазақстан Республикасының әкімшілік процесі. Жалпы бөлім. II том» кітабы жарық көрді. Әдебиет академиялық стандарттарға сәйкес келеді және жүйелі, талдамалық құқықтық ойлауды қалыптастыруға бағытталған.
Алмас Жұмағалидің оқулығы қылмыстың себептері, қылмыскер тұлғасы және алдын алу шараларына арналған. Ал Роман Мельниктің кітабының екінші томы әкімшілік процестің теориялық және қолданбалы ережелерін дамытып, тереңдетеді. Бұған дейін кітаптың бірінші томы жарық көріп, қазақ тіліне аударылған.
Айта кетейік, өткен жылы Assistant Professor, PhD Абай Абылайұлының «Қазақстандық халықаралық шарт құқығы: комментарий және тәжірибеге шолу» оқу құралы таныстырылған.

