
Болашақ заңгерлер, жас ғалымдар мен сарапшылар Maqsut Narikbayev University-де жаһандық технологиялық өзгерістер дәуіріндегі құқық трансформациясын талқылайды. Университетте жыл сайынғы халықаралық «MNU Annual Legal Conference – 2026» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
Іс-шара тақырыбы – «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы құқық: динамика және тұрақтылық». Бұл – қазіргі заманғы сын-қатерлерді талдауға, құқықтық коллизиялардың шешімдерін іздеуге және заң ғылымындағы жаңа трендтерді қалыптастыруға дайын жастарға арналған алаң. Қатысуға студенттер, магистранттар, докторанттар, сондай-ақ тәжірибелі заңгерлер, судьялар және мемлекеттік қызметшілер шақырылады.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өтеді:
– Құқық теориясы және философиясы;
– Конституциялық құқық;
– Халықаралық жария және жеке құқық;
– Жеке құқық;
– Жалпы және ерекше әкімшілік құқық, әкімшілік процесс;
– Еңбек құқығы;
– Қылмыстық құқық және қылмыстық сот төрелігі.
Қатысушылардың материалдарына ISBN, ӘОЖ және КБС индекстері беріліп, жинаққа енгізіледі (MNU сайтында орналастырылады). Сонымен қатар сертификаттар беріліп, үздік спикерлер арнайы номинациялармен марапатталады. Іс-шара аясында қатысушылар академиялық және кәсіби қоғамдастықтың жетекші өкілдерімен тәжірибе алмаса алады.
Ғылыми-тәжірибелік конференция осы жылғы 17 сәуірде MNU-да қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Қатысушылардан ұйымдастыру жарнасы талап етілмейді. Материалдарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 25 наурызға дейін.
Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын толық талаптар мен тіркелу осы сілтеме арқылы қолжетімді.