MNU Logo
Жаңа Конституция жобасы MNU студенттеріне түсіндірілді - MNU

14.02.2026

Жаңа Конституция жобасы MNU студенттеріне түсіндірілді

Maqsut Narikbayev University Cтуденттік ассамблеясы өкілдеріне Қазақстан Республикасының жаңа Ата заң жобасы түсіндірілді. Университет студенттері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен кездесті.

«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлескен іс-шара елордалық жоғары оқу орындарының студенттік ассамблеялары мүшелері, этномәдени бірлестіктер және сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің басын қосты. Кездесу барысында MNU студенттеріне Студенттік ассамблеяның ресми қызметін растайтын куәлік табыс етілді. Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар алдағы уақытта өтетін жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде республикалық референдумды талқылады.

Кездесуге қатысушылар алдында «Ассамблея жастары» төрағасы Тимур Жұмырбаев сөз сөйледі. Оның айтуынша, Конституция халықтың түпкілікті мүдделерінің көрінісі, ал жүргізіліп жатқан ауқымды реформалардың қоғамның барлық мүшелері үшін, әсіресе, жастар үшін тарихи маңызы бар. Ол сондай-ақ «Ассамблея жастары» жаңа Ата заң жобасын кеңінен қолдайтынына назар аударды, себебі Конституция табысты мемлекеттің іргетасы, онда адамның өмірі негізгі құндылық болғандықтан, Қазақстан жастары үшін бұл үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

Іс-шара барысында елордалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Шерзод Пулатов та сөз сөйледі. Ол мәдениет, ғылым және білім беру құндылықтарының басымдығы адами капиталды дамытудың жаңа кезеңін, сондай-ақ жас таланттарды қолдаудың елеулі шараларын білдіретінін атап өтті. Сондай-ақ, осындай кездесулерді басқа университеттерде өткізудің және жаңа Конституцияның негізгі ережелерін жастар қауымдастығына одан әрі түсіндірудің өзектілігі атап өтілді.

Іс-шара соңында Студенттік ассамблеялар мүшелерінің шығармашылық нөмірлері көрсетілді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз