«6В02302 – Қолданбалы лингвистика» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША гуманитарлық ғылымдар бакалавры
«Қолданбалы лингвистика» бағдарламасының мақсаты – екі шет тілін терең меңгерген, әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу әдістемесін меңгерген, шет тілдерін оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана алатын, жазбаша және ауызша аударманы орындай алатын, редакциялау және медиа жазу дағдыларын меңгерген жан-жақты, көп салалы тіл маманын дайындау.
Білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартының талаптары, сонымен қатар қазіргі нарық пен жұмыс берушілердің талаптары негізінде қалыптастырылады.
«Қолданбалы лингвистика» бағдарламасы озық әлемдік тәжірибені ескере отырып әзірленді және қолданбалы тіл білімі саласындағы мамандарға заманауи еңбек нарығының талаптарын ескереді.
Бағдарлама Жоғары Гуманитарлық Мектебінің консультативтік кеңесінде өтті, оның құрамына шетелдік және қазақстандық жұмыс берушілер мен тіл білімі және шет тілдерін оқыту әдістемесі саласындағы мамандар кіреді.
Бағдарлама толық (4 жыл) және қысқартылған (3 жыл) оқудың екі түрінде ұсынылады.
Курсты 4 жылда аяқтау үшін студент 248 академиялық кредитті игеруі қажет. Оқытудың бұл нысаны орта білім негізіндегі талапкерлер үшін қарастырылған. Колледжден кейін түсетіндер (орта кәсіптік білім негізінде) 192 академиялық кредитті игеріп, 3 жылда оқуын аяқтауға мүмкіндік алады.
Бағдарламадағы барлық студенттердің жеке оқу жоспарын құруға мүмкіндігі бар. Толық курс бағдарламасы Жоғары гуманитарлық мектебінің каталогында қарастырылған.
Оқыту нәтижелері
Бұл бағдарламаны аяқтағаннан кейін түлектер: