MNU Logo
Ваучерлік қаржыландыру: елордалық мәслихатта MNU ғалымдарының зерттеу нәтижелері талқыланды - MNU

05.03.2026

Ваучерлік қаржыландыру: елордалық мәслихатта MNU ғалымдарының зерттеу нәтижелері талқыланды

Maqsut Narikbayev University ғалымдар тобы Астана қаласының қосымша білім беру жүйесінде ваучерлік қаржыландырудың пилоттық моделін іске асыру бойынша зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижелері қалалық мәслихаттың отырысында талқыланды.

Саяси ғылымдар саласындағы PhD, MNU Халықаралық экономика мектебі деканының орынбасары Әсем Қалқаманова депутаттарға зерттеудің негізгі бағыттарын таныстырды. Ғалымдар ваучерлік қаржыландыруды алушылардың әлеуметтік-демографиялық портретін, қала аудандары бойынша қолжетімділік пен қамтылуын, қызмет көрсетушілердің бөлінуін, балалардың дамуына арналған бағдарламаның қосымша тиімділігін, қызмет сапасы мен ата-аналардың қанағаттанушылығын талдады. Зерттеу бағдарламаны iске асыру тетiгiн одан әрi жетiлдiру мен оның тиiмдiлiгiн арттыру үшiн негiз бола алады.

Мәслихат депутаттары үш жылдық кезеңге кешенді талдау жүргізу және тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобын құру туралы пікірге келді. Сондай-ақ, тиімділік көрсеткіштерін есептеу үшін ақпараттық жүйелерден иесіздендірілген деректерді алуда зерттеушілерге көмек көрсету қажеттігі атап өтілді. Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар қалалық әлеуметтік саясатты жетілдіру үшін зерттеудің өзектілігіне тоқталып, университет тарапынан одан әрі сарапшылық қолдау көрсетілуіне қызығушылық танытты.

Айта кетейік, ваучерлік қаржыландырудың пилоттық моделі Қазақстанның алты өңірінде жүзеге асырылуда. Жаңа жүйе әр балаға бір үйірме немесе секцияға тегін қатынау үшін электрондық ваучер беруді көздейді. Бұдан басқа, қаржыландыру қызмет көрсету фактісі бойынша ғана, яғни ата-ананың цифрлық платформа арқылы келуін растағаннан кейін жүргізіледі.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз