Осы жылдар бойы Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі білім, ғылым және инновациялар орталығына айналып, үлкен даму жолынан өтті. Университетте үздік академиялық дәстүрлер сақталып, жаһандық идеялар пайда болып, болашақ көшбасшылар қалыптасуда. Адал және әділетті қоғамды құруға жәрдемдесе отырып, MNU сапалы және қолжетімді білім беру арқылы қоғамға қызмет ету миссиясын нық ұстанады.
Бүгінде жоғары оқу орны беделді халықаралық агенттіктер аккредиттеген 30-дан астам білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Университет ғылыми жобаларды дамытуды жалғастырып, түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жоғары көрсеткіштерін көрсетуде. Бұдан басқа, MNU шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты нығайтып, ауқымды оқиғалардың орталығына айналды.
Maqsut Narikbayev University профессорлық-оқытушылық құрамға, қызметкерлерге, студенттер мен түлектерге жаңа ғылыми жетістіктер, батыл жобалардың табысты іске асырылуын және жаңа биіктерді бағындыруды тілейді!