MNU Logo
Maqsut Narikbayev University шетелдік студенттер мен елорда қонақтарын жазғы тілдік курсқа шақырады - MNU

15.03.2026

Maqsut Narikbayev University шетелдік студенттер мен елорда қонақтарын жазғы тілдік курсқа шақырады

Maqsut Narikbayev University шетелдік студенттер мен Астана қаласының қонақтарына арналған MNU Summer School бағдарламасына қабылдау басталғанын жариялайды. Бағдарлама аясында қатысушылар қазақ және орыс тілдерін оқи алады. Жазғы мектеп 2026 жылдың 15 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.

Үш апталық қарқынды курс (90 академиялық сағат) көптілді академиялық ортада қатысушылардың коммуникативтік және сөйлесу дағдыларын дамытуға бағытталған. Бағдарламаға тұру, тамақтану және Астана қаласы мен Ақмола облысының көрікті жерлеріне экскурсиялар кіреді. Өтінімдер осы жылдың 10 сәуіріне дейін (қоса алғанда) g_alimbayeva@kazguu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Бір қатысушыға арналған 2000 АҚШ доллары көлеміндегі пакетке мыналар кіреді:

  • – қарқынды тілдік бағдарлама бойынша оқу;
  • – студенттік жатақханада немесе хостелде тұру;
  • – екі реттік тамақтану (дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы ас және түскі ас);
  • – әуежайдан трансфер;
  • – университеттің спорт залы мен кітапханасына қолжетімділік;
  • – демалыс күндеріндегі мәдени-ойын-сауық бағдарламасы.

Мәдени бағдарлама аясында қатысушылар Қазақстанның тарихы, мәдениеті және табиғи мұрасымен танысады. Бағдарламаға елорда мен өңірдің негізгі көрікті жерлеріне экскурсиялар кіреді. Олардың ішінде:

  • – Астана қаласы бойынша тарихи экскурсия;
  • – Есіл өзені жағалауында серуен және өзен бойымен кемемен саяхат;
  • – Ботай музей-қорығы – жылқыны алғаш қолға үйретумен байланысты энеолит дәуірінің көне қонысына бару;
  • – Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне сапар;
  • – Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған АЛЖИР музей-мемориалдық кешеніне бару;
  • – Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне экскурсия;
  • – Зергер Берік Әлібайдың үй-музейіне бару.

Бағдарламаны жүзеге асыру көптілді академиялық ортаны қалыптастыруға, мәдениетаралық коммуникацияны дамытуға және шетелдік қатысушылардың білім беру мобильдігін кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар бұл бастама Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму мақсаттарын (SDG 4 және SDG 10) қолдайды, атап айтқанда, сапалы тілдік білімге қолжетімділікті қамтамасыз етіп, бастапқы дайындық деңгейі әртүрлі тыңдаушылар үшін инклюзивті мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз