MNU Logo
MNU-да Қазақстанға шетелдік студенттерді тарту тетіктері талқыланды - MNU

20.03.2026

MNU-да Қазақстанға шетелдік студенттерді тарту тетіктері талқыланды

Maqsut Narikbayev University-де QAA британдық аккредиттеу агенттігінің екі күндік воркшопы өтті. Білім беру саласындағы сарапшылар серіктестік бағдарламалар аясында шетелдік студенттерді қабылдау және қолдау әдістерін талдады.

Іс-шараға 15-ке жуық отандық университет өкілдері қатысты. Қатысушылар шетелдік студенттерді тарту стратегиясын әзірлеудің тәжірибелік тәсілдерін, шетелдік талапкерлерге қызмет көрсету сапасын бағалау және жақсарту тетіктерін талқылады. Бұдан басқа, британдық сарапшылар халықаралық рекрутингтік агенттіктермен тиімді ынтымақтастық жөнінде өз ұсыныстарын берді.

«Қазақстан бүгінде Орталық Азиядағы халықаралық білім беру хабы ретінде өз ұстанымын дәйекті түрде нығайтып келеді. Мемлекет академиялық ұтқырлықты дамытуда, шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты кеңейтуде және біліктілікті өзара тануды ілгерілетуде. Бұл бағдарламалардың белсендi дамуы жағдайында бiлiм берудiң жоғары сапасын және академиялық бақылаудың сенiмдi тетiктерiн қамтамасыз ету ерекше маңызға ие болады. Мұндай воркшоптар тәжірибе алмасу, тәжірибелік сын-қатерлерді талқылау және трансұлттық білім беру бағдарламалары аясында шетелдік студенттерді тарту мен қолдаудың тиімді тәсілдерін іздеу үшін құнды платформа» – деді MNU провосты Анар Ибраева.

Сонымен қатар QAA сарапшысы Сара Хантер воркшоп Қазақстанның халықаралық білім беру үшін тартымды бағыт ретінде беделін нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Айта кетейік, QAA жоғары білім сапасын қамтамасыз ететін беделді халықаралық агенттіктердің бірі ретінде белгілі. MNU екі жыл бұрын ТМД мен Орталық Азиядағы осы агенттіктің институционалдық аккредитациясы берілген алғашқы жоғары оқу орны атанды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз