Maqsut Narikbayev University Наурыз мейрамын кеңінен атап өтті. Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында жоғары оқу орнында бірқатар іс-шара өтті.
Онкүндік студенттік хор мен қазақ ұлт аспаптар оркестрінің танымал отандық туындыларды орындауымен ашылды. Сонымен қатар студенттер ұлттық билерді де орындап, арқан тарту мен тоғызқұмалақ жарыстарында өзара мықтыны анықтады. Бұдан басқа, Digital Nauryz бастамасын қолдау аясында университет түлектері арасында «Цифрлық дәуірдегі Наурыз» тақырыбында бейне әзірлеу бойынша конкурс ұйымдастырылды.
Наурызнама бағдарламасындазияткерлік іс-шараларға ерекше назар аударылды. Әдеби мұраны дәріптеу және оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Абай оқулары» өтті. Сондай-ақ ұлттық дәстүрді білу бойынша зияткерлік квиз сайысы мен қазақ мақалдарын білу бойынша байқауы көптің көңілінен шықты.
Айта кетейік, Наурызнама онкүндігі қазақтың «Сырға салу» дәстүрінің көрсетілуімен және университет басшылығының мерекелік құттықтауымен аяқталды.








