Maqsut Narikbayev University аумақтарды абаттандыруға және қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға өз үлесін қосты. Фемида саябағында университет оқытушылары мен қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік өтті.
Іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында өтті. Сенбілік барысында аумақты тазалау және қоқыс жинау жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар табиғатқа ұқыпты қарау мен тазалықты сақтау мәдениетін қалыптастыру маңыздылығын атап өтті.
Айта кетейік, өткен жылы «Таза Қазақстан» акциясы аясында Фемида саябағында 200-ге жуық ағаш, 10 мыңнан астам жапырақты және қылқан жапырақты бұталар мен 2 500-ге жуық өсімдік отырғызылған болатын.





