Maqsut Narikbayev University студенттері мен түлектеріне мансаптық мүмкіндіктері туралы айтылды. Жоғары оқу орнында ауқымды бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
Жыл сайынғы іс-шара бір алаңда жүзден астам компанияның өкілдерін біріктірді. Олардың қатарында мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік кәсіпорындар, халықаралық заң фирмалары, «Үлкен төрттік» компаниялары, сондай-ақ құқық, бизнес, туризм және медиа салалары бар. Жәрмеңке екі күн бойы өтті.
«Біз сұранысқа ие кадрларды сапалы даярлаудың маңыздылығын түсінеміз. Біздің түлектерді жұмысқа орналастырудың орташа пайызы шамамен 93 пайызды құрайды және MNU осы көрсеткіш бойынша отандық университеттер арасында көшбасшылар қатарында. Бізде тұрақты негізде диплом алғаннан кейін түлектердің мүмкіндіктерін арттыру үшін көптеген компаниялармен өзара іс-қимыл жасайтын Мансап, практика және жұмысқа орналастыру орталықтары жұмыс істейді. Осы ретте университет жанындағы Бизнес кеңестерге де маңызды рөл берілген, онда біздің серіктестеріміз бен жұмыс берушілер еңбек нарығына қажетті мамандарды сапалы даярлау бойынша өз ұсыныстарын береді», – деді MNU Провосты Анар Ибраева.
Іс-шараға қатысушылар бос жұмыс орындар туралы айтып қана қоймай, кәсіби дағдыларды дамыту және таңдалған салада табысты мансап құру бойынша құнды кеңестерімен бөлісті. Сондай-ақ студенттер үшін шеберлік сыныптар, воркшоптар және сарапшылардың дәрістері ұйымдастырылды. Іс-шара көптеген студенттер мен түлектер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
«Мен KPMG аудиторлық және консалтингтік фирмалардың халықаралық желісінің олимпиадасына қатысып, тағылымдамадан өтудің басым құқығына ие болдым. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде «Үлкен төрттік» компаниялары мен банк саласының ұсыныстарын қарастырдым. Мұнда көптеген студенттер жазғы тағылымдамадан өтуге және толыққанды жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Менің ойымша, бұл студенттер үшін өте пайдалы және университет берген үлкен мүмкіндік», – деді MNU студенті Юлия Зарапина.
Айта кетейік, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының рейтингісіне сәйкес, MNU республикада «Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Менеджмент саласындағы бизнес әкімшілендіру», «Психология» және «Қолданбалы лингвистика» мамандықтары бойынша үздік кадрлар даярлайды. Бұдан басқа университеттің тағы жеті білім беру бағдарламасы аталған рейтингте көшбасшы орынға ие.







