Maqsut Narikbayev University-де Еuronews тренингтері өтті. Іс-шара халықаралық телеарнаның қазақ тілінде хабар таратуын іске қосу аясында өтті.
Тренингке Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, БАӘ және Қатардағы Euronews бюросының журналистері қатысты. Олардың қатарында телеарнаның қазақ редакциясының командасына кірген MNU Халықаралық журналистика мектебінің бірнеше түлегі бар. Тренингтерді Euronews компаниясының тәжірибелі қызметкерлері өткізді.
Өткен аптада ең ірі халықаралық телеарналардың бірі қазақ тілінде хабар таратуды бастады. Қазақстан медиакомпанияның жаһандық тіл желісіне енген Орталық Азиядағы алғашқы ел болды. Айта кетейік, MNU Euronews академиясының курстарын өткізу базасы ретінде белгіленген.





