MNU Orientation Week 2026 жаңа студенттерді Maqsut Narikbayev University-дегі академиялық өмірмен таныстырады. Бағдарлама университет басшылығымен кездесуден бастап, MNU AIRLINES тақырыбындағы Welcome Party-ге дейінгі түрлі іс-шараларды қамтиды. Бейімделу апталығы студенттерге жаңа білім беру ортасына тез бейімделіп, студенттік өмір ырғағына енуге көмектеседі.
MNU Orientation Week 2026 аясында студенттер:
- жалпы шеберлік сабақтарына қатысады;
- Университет басшылығымен, Жоғары мектептердің декандарымен және жекелеген пәндер бойынша оқытушылармен танысады;
- Студенттік істер департаменті және Университеттің психологиялық қызметімен танысады;
- жалпы конференция барысында MNU ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктері туралы біледі: Smart MNU мобильді қосымшасы, Platonus АЖ, Canvas LMS және корпоративтік Outlook поштасы;
- пәндерге онлайн тіркелуден өтеді.
Студенттермен салтанатты кездесу Фемида алаңында өтеді, ал Бейімделу апталығының шарықтау шегі Welcome Party болады. Командалық ойындар, көңілді музыка, ерекше байқаулар және сан түрлі ойын-сауық — MNU Orientation Week 2026 соңында студенттерді нағыз көңіл көтеру атмосферасы күтеді.
Orientation Week 2026 бағдарламасы:
26 тамыз — Жоғары мектептердің таныстыру дәрістері
Welcome Day:
26 тамыз — Жоғары гуманитарлық мектеп, Халықаралық экономика мектебі
27 тамыз — Жоғары құқық мектебі, Халықаралық журналистика мектебі
Пәндерге тіркелудің басталуы:
27–28 тамыз — барлық мектептер
29 тамыз, сағат 15:00-ге дейін — барлық мектептер
Welcome Party
29 тамыз, сағат 17:00–20:00