Maqsut Narikbayev University-де MNU Career Match рекрутингтік алаңы ұйымдастырылды. 200-ге жуық студент пен түлек мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат алды.
MNU Career Match студенттер мен түлектер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Бір алаңға мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлар, құқық қорғау органдары, білім беру, қонақ үй бизнесі мен консалтинг өкілдері жиналды. Олардың қатарында PwC, Coca-Cola, Samruk Business Academy, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі, Экономикалық зерттеулер институты, Unicase, Астана қаласының прокуратурасы, The Ritz-Carlton, Wyndham Garden Inn және басқа да компаниялар бар.
Студенттер мен түлектер жұмыс берушілермен кездесіп, ашық бос жұмыс орындар бойынша әңгімелесуден өтіп, тағылымдамаға шақыру алды. Сонымен қатар қатысушыларға өз ісін ашу, электрондық еңбек биржасымен жұмыс істеу және әңгімелесуге дайындық бойынша воркшоптар өткізілді. Іс-шараны университеттің жоғары мектептері жанындағы Мансап, практика және жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастырды.
Айта кетейік, бұған дейін MNU-да ауқымды бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.







