MNU Logo
ЖИ дәуіріндегі заңгерлік мамандықтың болашағы: MNU халықаралық конференцияға қатысуға өтінімдер қабылдайды - MNU

24.09.2026

ЖИ дәуіріндегі заңгерлік мамандықтың болашағы: MNU халықаралық конференцияға қатысуға өтінімдер қабылдайды

«Құқық» бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Оқу-әдістемелік бірлестігі «Жасанды интеллект дәуіріндегі заңгерлік мамандықтың болашағы: жаһандық сын-қатерлер және жаңа парадигмалар» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына өтінімдер қабылданатының хабарлайды. Іс-шара 2026 жылғы 14 қазанда Maqsut Narikbayev University-де өтеді.

Конференция Құрылтай, Жоғарғы Сот, Әділет министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Бас прокуратура, Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан, Ресей және Орталық Азия мемелекеттерінің заң саласындағы университеттері мен кәсіби бірлестіктерінің өкілдерін біріктіреді. Іс-шара 2026 жылғы 14 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 09:30-да басталады. Конференция аралас форматта өтеді (жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын).

Конференцияға қатысу үшін 2026 жылғы 1 қазанға дейін баяндаманың тақырыбы (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде), қатысушының толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы және байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы) көрсетілген өтінімді lawconference@mnu.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Автор туралы мәліметтерде конференцияға қатысу форматы төмендегі нұсқалардың бірі бойынша міндетті түрде көрсетілуге тиіс:

– ауызша баяндамамен офлайн форматта қатысу және ғылыми мақала ұсыну;

– тыңдаушы ретінде, баяндамасыз қатысу және ғылыми мақала ұсыну;

– баяндамасыз, тек ғылыми мақала ұсыну.

Шетелдік қатысушылар баяндама тақырыбы мен өздері туралы мәліметтерді орыс және (немесе) ағылшын тілінде ұсынады.

Ғылыми мақалалар 2026 жылғы 10 қазанға дейін (қоса алғанда) lawconference@mnu.kz электрондық поштасына жіберілуге тиіс.

Жариялауға ұсынылатын материалдар мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

– мақалалар қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жарияланады;

– мақаланың басында автордың инициалдары мен тегі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы, кафедрасының атауы, жоғары оқу орны немесе өзге де жұмыс орны, қала, мемлекет және электрондық поштасы көрсетіледі. Одан кейін мақала атауы, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі үш аңдатпа беріледі. Әр аңдатпа 5–8 сөйлемнен тұруы тиіс. Үш тілдегі нұсқаларда автордың тегі мен инициалдары тиісті әліпбиде, ал жұмыс орны мен мақала атауы тиісті тілде көрсетіледі;

– ғылыми мақаланың құрылымы: мақала атауы, аңдатпалар, түйін сөздер, негізгі ережелер, кіріспе, материалдар мен әдістер, нәтижелер, талқылау, қорытынды және пайдаланылған дереккөздер тізімі;

– мақала көлемі – А4 форматында 5-10 бет. Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторында Times New Roman қарпімен теріледі. Қаріп өлшемі – 14 pt, жоларалық интервал – 1,0. Парақ жиектері – барлық жағынан 2 см;

– дереккөздерге сілтемелер мақала мәтінінде тік жақша ішінде беріледі және «Пайдаланылған дереккөздер тізіміндегі» тиісті библиографиялық жазбаның нөмірімен рәсімделеді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз