Maqsut Narikbayev University түлектері үстел теннисінен үздіктерді анықтады. Сайыс Республика күніне орай өтті.
Іс-шара елордалық Паралимпиадалық жаттығу орталығында ұйымдастырылды. Жұптық жарысқа жоғары оқу орнының 40-тан астам түлегі қатысты. Жеңіске Ғани Айтасов пен Әлима Омар жетті.
Айта кетейік, MNU дәстүрлі түрде өз түлектерімен байланыста болып, бірлескен жобаларды жүзеге асырады. Осы жылдың қараша айының соңында университетте түлектердің жыл сайынғы кездесуі өтеді.





