MNU Logo
Корей мәдениеті гастрономия арқылы: MNU-да тақырыптық шеберлік сыныбы өтті - MNU

02.11.2026

Корей мәдениеті гастрономия арқылы: MNU-да тақырыптық шеберлік сыныбы өтті

Maqsut Narikbayev University студенттері Корея Республикасының гастрономиялық дәстүрлерімен танысты. Жоғары оқу орнында тақырыптық шеберлік сыныбы өтті.

«Кореямен танысу: білім, мәдениет және ұлттық тағамдар» іс-шарасы Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігімен және ҚР KOICA түлектері қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Бағдарлама мәдени алмасу, кәсіби қарым-қатынас және кимбап пен кимчи дайындау бойынша интерактивті шеберлік сыныбын қамтыды. Қатысушылар Кореяның гастрономиялық дәстүрлері туралы көбірек біліп қана қоймай, ұлттық тағамдардан дәм татып көрді.

«Кореяда кимчжан атты ерекше дәстүр бар, онда отбасылар мен көршілер бір-бірімен жиналып, кимчи дайындайды. Менің ойымша, бұл тұрғыда біздің халықтарымыз өте ұқсас. Өйткені, Корея мен Қазақстанда ас – бұл жай ғана тамақ дайындау емес, сонымен қатар қамқорлық, қонақжайлылық және жан жылылығын көрсету тәсілі. Осындай кездесулер елдеріміз арасындағы достықты нығайтуға көмектесетініне сенімдімін», – деді Қазақстандағы Корея Елшілігінің кеңесшісі Син Гюхо.

Іс-шара мәдениетаралық диалог, кәсіби тәжірибе алмасу және студенттер мен корей қоғамдастығы өкілдері арасындағы байланыстарды нығайту алаңына айналды. Айта кетейік, бұған дейін MNU-да Кореяның Қазақстандағы жаңа Елшісі Чжон Ки Хонның қонақ дәрісі өткен болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз