Maqsut Narikbayev University-де Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институтының директоры Жақсылық Сәбитовтың қонақ дәрісі өтті. Тарихшы студенттерге Қазақстандағы Алтын Орда бейнесінің эволюциясы туралы айтып берді.
Дәріс барысында қатысушылар соңғы 80 жылда Алтын Орданың қазақстандық қоғамдағы көзқарасы қалай өзгергенін қарастырды. Лектор Алтын Орданы зерделеу біртіндеп тарихи зерттеулердің тар шеңберінен шығып, елдің тарихына қоғамдық қызығушылықтың маңызды бөлігіне айналғанын атап өтті. Сонымен қатар спикер тарихи ұсынымның тарих пен ұлттық бірегейлікке деген заманауи көзқарасты қалай қалыптастыратынын түсіндірді.
Жақсылық Сәбитов дәрістің жеке бөлігін қазақ зиялы қауым өкілдерінің, оның ішінде Қазақстан тарихын зерттеумен айналысқан тарихшылар мен ғалымдардың тағдырына арнады. Айта кетейік, бұған дейін MNU-да француз тарихшысы және зерттеушісі Мари Фавероның «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті» кітабы таныстырылды.





