MNU Logo
Францияның жоғары оқу орындары MNU-да өз бағдарламаларын ұсынды - MNU

17.11.2026

Францияның жоғары оқу орындары MNU-да өз бағдарламаларын ұсынды

Елордалық оқушылар мен студенттер Францияда білім алу мүмкіндіктерімен танысты. Maqsut Narikbayev University-де жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының көрмесі өтті.

Іс-шара француз университеттерінің өкілдерінің басын қосты, олар өздерінің білім беру бағдарламаларын таныстырып, талапкерлерге қойылатын талаптар туралы ақпарат ұсынып, сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар білім алу перспективалары, халықаралық алмасу және стипендиялық мүмкіндіктермен танысты. Көрмеде барлығы 10-ға жуық университет ұсынылды.

«MNU үшін француздық серіктестермен ынтымақтастық – бұл бірқатар бірлескен бастамалар. Жақында біз Францияның Қазақстандағы Елшілігі, Француз Альянсы және Lumières білім беру қорымен бірлесіп француз тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасын өткіздік. Сондықтан, көрме – біздің ынтымақтастығымыз арқасында білім беру және білім алмасу үшін жаңа мүмкіндіктер жасауының тағы бір мысалы», – деді MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Бұған дейін университет базасында Орталық Азиядағы алғашқы Lumières білім беру қоры өз жұмысын бастаған. Ұйым студенттік ұтқырлық стипендияларын бірлесіп қаржыландыру, Қазақстанда жұмыс істейтін француз компаниялары үшін кадрлар даярлаудағы қажеттіліктерді қанағаттандыру және стипендияларды қаржыландыру үшін жеке және мемлекеттік инвестицияларды тартуға жәрдемдеседі. «Lumières» басым міндеті – оқыту бағдарламаларының жоғары деңгейіне кепілдік беру үшін білім беру бағдарламаларына сапа сертификаттарын беру.

«Біздің мақсатымыз – жастарды француз жоғары білімінің әртүрлілігі мен жоғары сапасымен таныстыру. Бүгінде 44 француз университеті мен жетекші жоғары мектептер «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алуға қолжетімді. Француз және қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 17 қос диплом бағдарламасы жүзеге асырылуда. Біз барынша көп жас қазақстандықтардың осы мүмкіндіктерді пайдаланып, оқу мен ғылыми жұмыс үшін Францияны таңдағанын қалаймыз», – деді Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге.

Айта кетейік, көрме Қазақстан мен Франция арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, MNU-да екі жетекші француз жоғары оқу орындарымен қос диплом бағдарлама жүзеге асырылуда.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз