Maqsut Narikbayev University студенттері БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары бойынша жобаларды жүзеге асырды. Таныстырылым студенттер қатарына қабылдау салтанатты іс-шарасы қарсаңында өтті.
2026 жылғы студенттер қатарына қабылдау кубогы үшін конкурстық бағдарлама аясында университеттің төрт жоғары мектебінің студенттері Орнықты дамудың 17 мақсатының бірқатар бағытын таңдады. Жобаларды БҰҰ өкілдері және ESG мен жасыл экономика саласындағы сарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Олар жастардың аталған көрсеткіштерге қол жеткізуге қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.
Орнықты даму мақсаттары – бұл 2030 жылға дейінгі кезеңде БҰҰ-ға мүше мемлекеттер қабылдаған өзара байланысты 17 жаһандық мақсат пен 169 міндеттің жиынтығы. Олар кедейшілікті жою, жерді қорғау және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған. MNU бірқатар бағыттарды жүзеге асырып, Орнықты даму мақсаттарын жүйелі түрде қолдайды.
Айта кетейік, студенттердің бұл жобалары ертең Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына қабылдау салтанатты іс-шарасында да көрсетіледі.







